ЖӘНЕ СЕРПІМДІЛІГІНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ
23.Науқас М., клиникаға 37,7ОС дене қызуымен түсті. Тынысы жиі әрі беткей, тыныс алу жиілігі 24 рет. Жалпы әлсіздік, жөтел мен қалтырау байқалады, тұрақты ұзақ жөтелден кейін қақырық шығады. Анамнезінде: балалық шағында жиі салқын тиіп ауырған, анасында тыныс демікпесі бар, өзі құрылыста жұмыс істейді, 10 жыл бойы күніне 1 қорап темекі тартатыны анықталды. Обьективті: жүрек – тамыр және басқа да жүйелерде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Қарағанда: ЖСЖ – 1 минутта 85 соққы, АҚқ – 120/80 мм.с.б.б. Аускультацияда: өкпенің оң жақ төменгі бөлімінде тыныс әлсіреген, крепитация және әр түрлі калибрлі ылғалды үнді сырыл бар. ЖҚА: ЭТЖ - аздап жоғарылаған, лейкоцитоз. ЖЗА: өзгеріссіз. Қақырық анализі: түсі – сарғыш-жасыл; лейкоциттер- 10-15; бактериялар стрептококк++++; бакт.Коха – жоқ R-грамма: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде қараю белгілері көрінеді. Науқаста қандай патология және өкпенің желдетілу көрсеткіштері қалай өзгереді, тыныстың қандай түрі екенін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |