Алғашқы қазақ басылымдар



бет3/4
Дата01.11.2023
өлшемі461,13 Kb.
#121344
1   2   3   4

Дала уалаяты «Дала уалаятының » газеті. 1888жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған “Акмолинские областные ведомости” газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық корген “ Дала уалаятының газеті” халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден-бір басылым болды. Өзінің прграммасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заң-закондарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кездегі басқа газеттер сияқты “Дала уалаятының газеті” де ресми және ресми емес бөлімдерден тұрды. Соңғы бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылымға білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, тендікті көксегені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аударылып келген адамдардың ықпалымен халық газетіне ұқсайтын еді. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт берген Г. Н. Потаниннің, Н. М. Ядринцевтің, Л. К. Чермактың ролі аса зор.

Қазақ газеті 1913 жылы жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар осы газеттің белсенді авторлары болды. Атақты баспагерлер «Қазақ» газетінің төңірегіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Ғаббасов, Хайретдин Болганбаев, Ғұмар Қарашев, Райымжан Мәрсеков, Мұхтар Саматулы сияқты көптеген көрнекті қайраткерлер мен ақындарды топтастыра білді. Газеттің әр нөмірінің таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тіпті 8 мың данаға дейін жеткен. «Қазақ» газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Газет өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша, ғылыми негізделген бағыт ұстанды.

Ахмет Байтұрсынұлы

Айқап журналы "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан.Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин,Б.Өтетілеуов т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет