Алғашқы қазақ басылымдар



бет2/4
Дата01.11.2023
өлшемі461,13 Kb.
#121344
1   2   3   4

Сәбит Мұқанов

Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі газет- журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді. Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп , сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана қорымен архивтерде түгел сақталмаған. Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды .

Түркістан уалаяты XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады. Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет