Қайыржан: Мен қызығып кеттім. Бұлар да кәдімгі қыздар сияқты екен ғой. (кетеді)
Гүлзат: Қанат сен ғана үйрене алмай жатырсың. Қара былай, үш бұрыш жасап айналасың, бір, екі, үш.
Қанат: Басым айналып кетпей ме?
Гүлзат: Үйреніп кетесің, қайтала, бір, екі, үш.
Қанат: Бір, екі, үш, төрт.
Гүлзат: Қанат, қарасаңшы. Төрт жүріс емес, үш жүріс.
Қанат: Қайтадан көрсетіңізші. Беліңізден ұстайын ба?
Гүлзат: Жоқ, онша қатты емес, жай ғана. Қатты жақындама.
Қанат: Бір, екі, үш.
Гүлзат: Ара қашықтықты сақтау керек, жақындама, кеудеңді тік ұста.
Қанат: Қалай жақсы билейсіз.
Гүлзат: Қолымды ауыртып жібердің бостау ұста.
Қанат: Қолыңыз қандай ыстық, температураңыз көтеріліп тұрған жоқ па?
Гүлзат: Жоқ, көбірек қимылдағаннан болар.
Қанат: Вальс деген рахат екен, күнде осылай билей берейікші. Сонда тез үйреніп кетермін.
Гүлзат: Музыка бітіп қалды. Жіберсеңші, қайтадан басынан қояйын.
Қанат: Бір, екі, үш, пам‑ бап‑ па, пам‑ бап‑ па.
Гүлзат: Уһ, Мерқұрманов шаршатып жібердің.
Қанат: Шаршасаңыз біраз отырып, болмаса жатып дем алыңыз. Күте тұрайын.
Гүлзат: Онсыз да кеш болды. Кел тағы бір‑екі рет көрсетейін, содан кейін үйге қайтамыз.
Қанта: Вальсті айланбай ақ, тойдағыдай құшақтасып билей берсек болмай ма?
Гүлзат: Не деп тұрсың? Ондай вальсті кейін сауық кештерінде билейсің.
Қанат: Бір, екі, үш.
Гүлзат: Ой, құлаттың.
Қанат: Ешқашан құлатпаймын!
Гүлзат: Өзің түк ұқпайды екенсің. Шаршадым. Білесің ғой, қазір сағат тоғызда жарықты өшіреді. Тезірек үйрен.
Қанат: Жарықты қайта‑қайта неге сөндіріп тастайды?
Гүлзат: Энергияны үнемдеп жатқан болу керек. Күнделікті бір сағатқа өшіріп жүр ғой.
Қанат: Мм, бүгін де өшірсе жақсы болар еді.
Гүлзат: Сен мені әбден шаршаттың. Оп‑ оңай биді үйрене алмайсың.