Батыр: Қайдан істейсің, қалай істейсің жұмысым жоқ. Тезірек шақыр.
Айбол: Мияу-мияу.....жоқ олай емес. Қараңыз, былай еркек мысықша мияулау керек. Мояу-мояу..,мояу‑мояу..
Батыр: Ей, дендерің сау ма‑ей? Сендер жындысыңдар ма, мен жындымын ба? Кімді мазақ қылғыларың келеді. Кетіңдер көзіме көрінбей. Қазір өзім шақырамын.
Айбол: Кешірерсіз, сіз кім боласыз? Гүлзатқа қандай шаруамен келдіңіз?
Батыр: Жоғал дедім ғой саған, «еркек мысық»! (тұра қуады)
(ауладағы көрініс)
Қайыржан: Мойнақ, Мойнақ ка-ка. Қайда кеткен? Мойнақ, Мойнақ. Ту, атам жайлауға ертіп кеткен екен ғой. Енді қайттім?
(Батыр аулаға кірмек болады, Қанат кескестеп жібермейді.)
Қанат: Аға, бармай-ақ қойшы. Иті қабаған, жарып тастайды. Тоқташы аға, тоқташы.
(Батырдың аулаға кіріп келе жатқанын көріп Қайыржан сасқалақтап иттің ұясына кіріп кетеді. Қанат пен Батыр жақындай бергенде, Қайыржан ит болып үре жөнеледі)
Қайыржан:Аф‑аф‑аф...
Қанат: Ойбай, қаштық!
(Қашып бара жатып Батыр үйшікке тас жіберіп қалады.)
Қайыржан: Ойбай!
Қанат: Өй, жарымес, Мойнақ екен десем өзі екен ғой.
Батыр: (аң-таң) Қанат, біреу айқайлады ма?
Қанат: Жоқ, естімедім.
Батыр: Естімедің бе? Айқайлаған сияқты.
Қанат: Мүмкін тас ағасына тиіп кеткен шығар. Тез қашып кетейік, әйтпесе сотталамыз. Тез кеттік, тез.
Батыр: Тоқта, тоқта. Тағы да тас лақтырайыншы. (тас іздей бастайды)
Қанат: (екі-үш қадам жақындап) «Мойнақ», ойбайлама, қыңсыла,қыңсыла.
(Батыр үйшікке қарай тас лақтырады.)
Қайыржан: Қаңқ-қаңқ, қаңқ-қаңқ..
Батыр: Дауысы қандай біртүрлі. Түсінсем бұйырмасын, сонда айқайлаған кім?
Қанат: Ойбай деген бе? Ол мен ғой. Қашып келе жатып ойбайладым.Соны естіген шығарсың.
Батыр: А, солай ма? Ит неге үрмей қалды?
Қанат: Тас тұмсығынан тиген болар. Өліп қалса жауап береміз. Кетіп қалайық.