Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген сим-волдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады


Процессордың негізгі параметрлері



бет4/10
Дата28.01.2023
өлшемі38,99 Kb.
#63426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
8 class

Процессордың негізгі параметрлері
Процессордың разрядтылығы – бір тактте өңдей алатын биттер санымен анықталады. Бірлік ақпараттың ең кішісін екілікразряд дейді. ЭЕМ әлемінде бір разряд бит(bit – бөлік) деп аталады. Егер ЭЕМ бір реттесегіз разрядты өңдей алса, онда процессор8 разрядты деп аталады; егер 32 разрядтыболса, онда процессор 32 разрядты деп аталады. Процессор микросхемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса, ол ақпаратты соншалықты тез өңдейді.
Процессордың тактілік жиілігі (frequency).Разрядтылықтан басқа, процессордың маңызды қызметтерінің бірі – тактілік жиілік.
Тактілік жиілік – бұл процессор бір секундта орындай алатын операциялардың саны. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерцте
секундына миллион такт болады. 100 МГц секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактіде процессор қандай да бірфрагментті есептейді. Тактілік жиілік қанша жоғары болса, процессор түскен деректерді сонша тез өңдейді.
Процессордың кэш-жады. Процессор өңдейтін деректерді жедел жадтан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де сақтамайды. Онда деректер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш – шағын ұяшықтық
жад. Ол буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадта өңделсе, оның көшірмесі кэш-жадқа түседі. Егер бұл деректер
тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей, буферден алынады.
Процессорға деректер керек болса, ол бірінші регистрді тексереді.
Ол жерде керек дерек болмаса, жақын жердегі кэш-жадты тексе-
реді. Кэш-жад болмаса, онда жедел жадты тексереді. Егер сұралған
деректер мұнда да жоқ болса, онда процессор қатқыл HDD дискіге
сұраныс жасайды.


Арифметикалық-логикалық құрылғы барлық математикалық
және логикалық операцияны орындайды.
Басқару құрылғысы процессордың командаларды тізбекпенорындауын қамтамасыз етеді.
Кэш-жад – ақпаратты уақытша сақтауға арналған шағын көлем-
ді құрылғы. Кэш-жадта жедел жадтың ең көп қолданылатын
ұяшықтары мен командалары сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет