Курстың арнайылығы. Дифференциалды психология пәні даралық айырмашылықтар мен олардың детерминанттары туралы түсінік беру салдарынан, аталған курс бойынша алынған білімдер психолог-студенттің неғұрлым жоғарғы теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейін қамтамасыз етеді.
Оқу курсының типі: негізгі компонент
Пәннің оқу мақсаты: әр түрлі әлеуметтік-педагогикалық практиканың облыстарында психологиялық тұрғыдан жеке адам ерекшеліктерін анықтау техналогиясын ұйымдастыру туралы;
Психологиялық жеке адам айырмашылықтарының диагностикасының ғылыми-теориялық негізі, психодиагностикалық әдістемелердің ережелерінің қасиетін бағалай білуі қажет;
Әр түрлі әлеуметтік өмір сферасын ескере отырып өз бетімен диагностика жүргізу, сандық-сапалық анализ және интерпретация нәтижесін шығару.
Пәнді оқыту барысында студент білуі тиіс:
дифференциалды психологияның қазіргі ғылыми-теориялық негізі;
психологиялық практиканың әр түрлі облыстарында психологиялық ерекшеліктерді зерттеуді ұйымдастыра алу дағдысы.
психадиагностикалық зерттеулерді жүргізу ережелерімен таныстыру.
«Дифференциалды психология» пәнінің алдына қойған міндеттері:
- ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
- «дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық-қолданбалы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.
Пререквизиттері:«Дифференциалды психология» пәнiн оқымас бұрын мектепте оқылатын «Жалпы биология», университетте оқылатын пәндер «Зоопсихология», «Жалпы психология» (1, 2, 3 бөлімдер), «Жас ерекшелік психологиясы», «Мамандыққа кіріспе», «Психология бойынша практикум» (1, 2 бөлімдер), «Әлеуметтік психология бойынша практикум», «Әлеуметтік психология» және «Мамандану практикумы» атты пәндер оқылуы тиіс.