Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі максаты — психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-кұлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудвортс (1869—1962) болды.
Бихевиоризм— XX і-асырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торнданк (1874—1949).
Гештальт — психология — Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қаалаған Макс Вертгеймер (1880—1943). “Гештальт” немісше — тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты — жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл — Австрия ғалымы 3 Фрейд (1856— 1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсьшыра ғылымдармен байланыста болады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алып, XX ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы-мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты
XX ғасырдын, 30—40 жылдарында капнталистік елдерде бихевиоризмйін психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитизтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, таньш білу), гипотезалық-дедукцияльқ бихевиоризм(психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды.Неофрейдизм - (көрнекті өкілі — X. Кории, 1885—1953} — биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен бай-ланысын нсихологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (І890—1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын карастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т, б мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман-швейцариялық Жан Пиаже (1896—1980).
Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне терең бойлау қажеттігінің артып отырғандығын көрсетеді.