V. Медициналыкпсихология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.
VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,
VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:
а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралык байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады.
ә) Кііиі (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді.
б) Қогамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат — әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік пснхологияның тармақтары: этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.