Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет91/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

Уйреншікті зейін — зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Сонымен, үйреншікті зейін- дегеніміз — қажетті әрі құнды больш саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүд-делі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе — істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы — әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді, Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйріншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты. Адамныңщ іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп, бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Сырткы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу-жағдайына орай, зейін сыртқы және-ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды. Ішкі зейін — сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені,олар өз жан дүннесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның шртқы қимыл-
дары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүше-лерінің түрлі қимыл-қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер — сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.
Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау, мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейіи аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет