Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері, Ұжымдық зейін — бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады. Бүкіл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкіи емес. Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауын кетуі де мүм-кін. Мақсатты іске ұмтылған ұжьш ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі. Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің-тәжірибелері ерекше рөл атқарады.
Топтық зейін — бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бул — зейінді ұйымдастыру-дың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Дарадық зейінөз міндетін орындауға әр адамньщ сана-сын бардарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл — зейіннін кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдаауға тиісті аса қажетті түрі.
38-сурет. _ Зейіянің көлемін елшейтін аспап — тахистоскоп.
Зейіннің қасиеттері. Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипат-талады: а) көлемі, ә) бөлінуі, б) шорырлануы, в) тұрақтылығы, г) ауысуы.
а) Зейіннің көлемі — адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады (38-сурет).
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/ІО секунт ішінде 10—12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4—6 нәрсеге тең Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсак, онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сынаушы кісі сөз әріптерінің орны ауысканын, кейбіреуінің түсіп қалғанын, дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек. Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таньш процестерінін дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқын көрінеді.
э) Зейіннің бөлінуі деп адамньщ кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі, оньщ физиоло-гиялық негізі — ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет. Мысалы, жас ұстаз өз зейінің бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрьш, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Өз алдында отырған кейбір оқушылардың тәртіп бұзып отырғанын да байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейінінің оған бөлінуі де ширап, сыньшты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.