Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет102/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 1. Ерік туралы түсінік

Ерік — адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе — мақсат қою, соған талпыну.Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс-әрекеті екі түрлі. Оның бірі — еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздің жұмылып-ашылуы, шашалу, түшкіру т, б, Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші — ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу, Бұл — мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алай-ла, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен женуге ұмтылады.


Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда. ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқан-да, бұл — адамның бағдарлы әрекеті, Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлгі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттін, мазмұны да айқында-ла түседі, Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жеременшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының, өзгеруі мен түр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінің өзіндік. сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз -іс-әрекеттерді соған бағындырьш, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез-құлқы мен әрқылы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің керінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, киыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз Бұған мысал ретінде “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінін, бір көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет