Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға



бет15/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
Айналуы

XIX ғасырдың ортасьшдағы психикалық іс- әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зсрттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конт — 1798 — 1857), иррационализм (А, Шопенгауэр — 1788 — 1860), волюнтаризм. вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидаладың мақсаты, түптеп келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В. Вундт, Джемс, Бергсон, 3 Френд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етт Г. Вульгарлык риализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б.) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты қатынаста болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі кұбылыстарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып, адамның жан дүниесі жайьшдағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады.


Адамныц санасы мен жеке басына тән мінез-құлқының тарихи тұрғыда әлсуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын XIX ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белнвсһий (1811 — 1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. А. Добролюбов {1836—1861), Н. Г. Чернышевскнй (1827— 1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адам психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материалистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамек, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты.
Г. Гегель (1770 — 1831) өз еңбектерінде сананың тарихи адамның даралық ерекщеліктерімен байланысты қарастырды.
Психиканың дамуы, адамның табиғн мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі екендігі К. Маркс, Ф Энгельс,
Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін акыл-ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адамның жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге не болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айкындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес гылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі — физика мен хнмия, физиология мен биология, дарвинизм мен рсфлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологисы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері
Психология пәніи өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннін тәжірибелік (эксперименттік) ғылым іксндігіи айқын сезіне аламыз. Бұл аныктаманың мәнісин әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялык сипаттардың сырын, мән-жайын арнайы тәжірнбелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннін, тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырын баяндаймыз. Мәселенг 1) В. Вундт және Ф. Брентано (1838—1917) көзқарастарындағы психикалық кұбылыстардын әуел бастан “өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дәрменсіздігі;
2} И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оныд тіршілік ортасы өзара қатынасы — алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны — нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзкарастардың философиялық және биологиялық негіздері; 4) ар кезевде тарихи жарынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнін биологиялық құрылымы; 5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық жәнс дарвиндік зерттеу нәтижелері.
XIX ғасырдын ортасында психологияның дербес және тәжірибе-лік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесіндс адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттсу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарынын өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдары арасында психолгияның жетекші орын алатындығын айкын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді: экспери-ментальдік психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі — адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психолегиясы; әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы; психотехника.
Психологияның дамуындағы осы кезенде әрі түрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар: Э Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі — В. Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті); Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К. Бголер, О Зельц). Бұл мектептің негізі Германняда қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет