Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 ж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып калъштасуының
бастамасы болды. Осы енбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің
тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалнстік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.
Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін
де анықтайды. Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырьш түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен
айтқанда, Гартлн теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологняның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта
рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның
субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж Ст. Мнлль (1806
—1873) сияқты зергтеушілер қол-дады Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім
түрлерінен тұрады; екіншіден. ассоадация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар —
елес, ой,
сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топ-тағы психнкалық процестер аркылы
құрылады, төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе аркылы санаға жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу барысы бнология мен жүйке физио-логиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады, Г.
Гельмгольц (1821—1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны
эмоция арқылы түсіндірді, Орыс физиологы И. М. Сеченев (1829—1905) ассоциацияның фнзио-логңялық негізін бас
миы рефлексінің қызметімен
ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психиканың филогенездік
дамуымен
ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-кұлықтың өз-геруіне бейімделеді деді
XIX
ғасырдын, 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850—1909), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді басқа да
психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрлішс түсіндіріліп,
бұл концепция одан әрі
дамытылды. Психологняның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуьшда бұл ғылымның дербестік сипаты ай-қындалып,
оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физлологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек
артты.
24