алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды, Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт
пікірді білдіретіндігі анық.
' Психолоғиялык тұрғыдағы көзқарастар тобы — ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі
мәеелесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу
принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр
түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратьш әсерлер мынадай үш типке бөлі-неді: а) әсерленген
объектінің кеңістік пен уакытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-
қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1)
Аралас не іргелес ассоциащиялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3.
Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын—қысқа т б } Мұндай ассоциация-лық принциптерді тұңғыш рет
зерттеп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философь Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) Атақты физиолог-ғалым И.
П, Павлов ассоциацияларды шартты рефлекг теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасьш
келуінен пайда больш, сан рет қайтталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім
естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша
жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады
Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке
қызметінің
механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа
клеткалар-дағы дендриттермен жанасады, не өзі орналаскан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы
осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда больш, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста
болады. Сөйтіп, клеткалардьщ өз-өзінен жандануы -іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар-жүйесін
іздердің сақталын қалу процестерінің физиолргиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді
есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде
бірыңғай механизм'-дер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп
жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің
биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейро-физио-логиялық дәрежеде зертгеу мәселелері осы кездегі
биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал
жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еікеннен кейін мида электрохимиялық
қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші саты-сында бірінші
саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек
155
секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда
химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабаукуйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген.
Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытьш қалатыны мәлім. Бұл жайт
адамдарға кысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакция-лардың биохимиялық өзгерістерге
жетпей, басылып қалатындығын керсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы
нуклеин дейтін
қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп
отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді
Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан
Ке-ген ауданы жаққа бір
самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатка ұшырап,
жүргізуші жарақаттанады, Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-
ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 кн-ге дейінгі аралықта болган оқиғаларды
айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзак
уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 10
15
--І0
2
°-ға дейінгі сандар
арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылган жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес
процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процессі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне
орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып
отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып
отырады-
Достарыңызбен бөлісу: