Кейде
эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты
елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері
сыртқы
тітіркендіргіштерге күшті қозудың
нәтижесі больш саналады-
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы. Із
қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық
(логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау
арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші
сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер
мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу~-механикалық
түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық
ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие.Естің бұл түрлері адамның
әрқилы іс-әрекеттерінің
алмасып отыруына ннет-тілегіне, мақсат-муддесіне Орай түрлі
тәсілдерін ауысып, оның
бойындағы тұрақты қасиеттері болып қальштасады
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен
қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жанғьгр ту, еске тусіру
еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қад-дыру мен жанғырту, еске
түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің
сатылары болып табылады. Еріксіз естін, орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен,
адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады,
Естің адам санасында
тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар — естін, көлемі, тездігі, дәлдігі,
ұзақтығы, даярлығы (№ 2 сызба).
Достарыңызбен бөлісу: