екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге
ауады. Себебі, оньщ физиоло-гиялық негізі — ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті
өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет. Мысалы, жас ұстаз өз зейінің
бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрьш, қате
жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған
материалға ғана ауады. Өз алдында отырған кейбір оқушылардың тәртіп бұзып отырғанын да байқамайды. Дегенмен,
ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейінінің
оған бөлінуі де ширап, сыньшты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-
бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: