Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет104/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

XVIII тарауСЕЗІМ
§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік
Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. “Не сезіп тұрсың?”
деген сөйлем мағынасы психикалық таным процессі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ, сезім мен түйсікті өзара
шатастыруға болмайды, Сондай-ақ, қабылдауды да. елесті де өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысын
жеке дара танымдык, ерекшеліктері бар процестерге балау — қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау,
қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты. Өйткені, адамның бойынан, түрі мен келбетінен оның жан дүниесінін,
мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелдей көршіс береді-
Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның тибиғи және
әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде
психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір
194
хағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұрымдардың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін, арасында
елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз. Сонымен, сезім дегеніміз не?
Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көніл-күйінің қатынасын
білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
171


Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты
әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады,
шаттық сезімге бөлейді, Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш,
қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т б көңіл-күйдің сипаттық
ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдык
жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты
әсерленуін білдіретін қыска мерзімді уақытша көрініс- 
“Эмоция” ұғымының төркіні — “емовера> деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен
шыққан.Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсер-лер салдарынан
ызалану,қаһарлану, корқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция — адамдар мен жануарлар
дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды
іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатьш, іс-әрекетін
бейберекетсіздікке ұшыратады.Сезім мен эмоциянын, адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық 
күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады.Стеникалық сезім
жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекет-
шілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі — эмоция — жан
дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалык процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз
— адамның органикалық мұқтаж-дықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық
күйлер.
Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму
жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді.
Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанат тар дүниесіне тән — ызалану, корқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану,
мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық-әлеумегтік өмірінің күрделілігі
сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінін пайда болуына себепші болды. Ч- Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі
сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуьш эволюциялык даму тұрғысынан дәйектей отырьш, сезімнін тек ақыл иесі —
адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді.
172




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет