Зейінсіздік — бір нәрсеге ден қоя алмай, үстірт пікір айту, өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік
білім саяздығы, мейірімсіздік сияқты ерекшеліктер баска адамдардың тағдырымен санаспайтын немқұрайдылықты
туғызады, Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдар-дың нәрселерге деген
талғампаздығын көрсетеді. Ой талғамының дәлдігі, қолға алған істі аяғына дейін бітіру. адамның жан дүниесінің
босандығы, табансыздық көрсету, ұшқалақ мінез — бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарьш білдіретін қасиет-
ерекшеліктер- Зейіннің саналы әрекетпен, адамның мінез-құлқымен, темперамент ерекшеліктерімен байланысты
екендігі адам психикасынын, кез келген ерекшелігінен анық аңғарыльш тұрады,
Осы ерекшеліктері мен сипаттарьша орай зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орьш алып, оның
іс-әрекет түрлерінде, бағыт-бағдарында айқын көрініс береді. Бір сөзбен түйіндегенде, зейін — адамның саналы
әрекетінің жалпы психикалық дүниесінін есігі деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: