арналған киял. Ол — шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындыктың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда
ескеретін жайттар: а) арманның әре-кстке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол — арманның тиімсіз
түрі. Бұл — қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді Арман — қиялдың
ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл
жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі — мұң. Мұн — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз
оқиғадары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар
жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл —
қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз
қиялдан арылудьщ жолын іздестіріп, мақсатгы істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзің-өзі меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: