1-типтегі есі басьш шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да есінде жақсы
қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр қилы іс-әрекет-тері, Адам өміріндегі аса
маңызды психикалық процесс — ес — акыл-ой кені. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп
отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.
Төртінші бөлім
АДАМНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ МЕН ЭМОЦИЯСЫ ЖӘНЕ
ЕРІКТІ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ СИПАТЫ
ХУІІтарау. ЗЕЙІН
§ 1. Зейшнің анықтамасы
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық продесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе дс ол
әрқашан адамның өмір тәжірибёсіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріке
тікелей катысты болып, оның қызығуын
г
бағытын көрсетеді. Зейін — кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекеті-нің сапалы
әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз — сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін
қамтамасыз етуі, Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді.
Психика-ның ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қальштасады. Мұндағы қажетті шарт — объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалык,
күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: