табиғат зерттеушісі, ғалым Қарл Линней әбден қартайғанда өзінің 40—50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып
отырын: “Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам”,— деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт
“Айвенго” атты романың науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В.
Скотт өз романынын қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты Мұндай құбылыс психологияда
амнезия деп аталады
және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір
кезде жаңғырьш, еске түседі. Бұл ес процесінде
реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң
арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері
бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.
Осы орайда, уақытша ұмытуды
сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту — жүйке клеткаларьшдағы тежелу
процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысыиа бөгет болса, оны
проактивтік
тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай
жайттар мағынасы бір-біріне жақын матх-182
риалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша
ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі больш келетін пәндерді араластырып отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: