Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет17/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

абырой

қабылан

салбуырын

ақырын

қазірет

самұрық

арлан

қайрылу

сауырын

атырап

қайырым

сəурік

ауру (зат есім)

қаңыра

сандақ

ауыру (етістік)

қапырық

саңлақ

əбілет

қобыра

саңылау

əзірейіл

қойылым

саңырау

бағлан

қоңырау

сұдырай

бекіре

құбыла

сүмірей

бұрыл

құбылыс

сіңлі

ғибрат

құмыра

тақырып

ғұрлы (құрлы)

құрлым

тарлан

ғұрлым (құрлым)

құрылыс

тəжірибе

даурық

лоблу

тəйірі

емле

мағлұм

тəурат

емеурін

мағлұмат

тегеурін

емірен

мақлұқат

текірек

еңіре

мақұлық

тоқыра

жағылан (сөздікте жоқ)

мақрұм

тоқырауын

жайылым

мəжіліс

топырақ

жамыра

мəкрүк

төңірек

жапырақ

мəміле

үңірей

жарлық

мəслихат

шақырым

жауырын

медресе

шаңырақ


жебірейіл мезірет шатыраш
жирен мейлінше шежіре
жұдырық мейірім шүңірей
жұмырық мекіре ықылас
жамырай меңіреу ықылық
запыран нағылет ықылым
зəулім нақұрыс ыңыран
кейуана наурыз ысырап
кекілік оқыра ібіліс
көкірек омырау

Осы сөздердің қайсысын болса да ы, і-сіз немесе ы (і)-лы вариант түрінде де жазуға болатын тəрізді. Бұл тақылеттес сөздердің барлығын ы (і)-мен жазу керек немес ы, і-сіз нұсқада жазған жөн деп біржақты əліп- темеге көшу орфография үшін, əрине, оңай. Бірақ бұлай ету тілдің шын- дығынан қол үзу болар еді. Ал белгілі бір тиянаққа сүйенбей, айтылуына қарасақ, бұл сөздерді бастан-аяқ ы, і мен де, ы, і-сіз де айтып шығуға болады. Əдетте сөз бен буынның бір-бірінен көп жағдайда айырмасы да, ортақ жақтары да болады. Олар – бір-бірімен тығыз байланысты тілдік бірліктер. Мысалы, ат, тас, сат, ат –тас дегендер – əрі буын, əрі сөз. Қазақ тіліндегі сөз бен буынға ортақ бір заңдылық бар. Ол – көбіне сөздің р,л сонорларынан басталмауы. Мысалы: (ылақ) лақ, ылашын лашын, ылайық лайық, ілеген леген, үлек үлек, ыраң раң, ырайза риза, ұрұу ру, ұрұух рух, ырақат рақат, ірең рең т.б.


Осыған сəйкес буын да л, р сонорынан басталмай, ашық буыннан (жы- лы, қо-ра) жəне й, у сонорларынан кейін келетін буындарды (қай-ра, ту- ра) еске алмағанда, қалайда бір қысаң дауысты селбесіп айтылады. Мы- салы: (көкүрек көкірек, меңі –іреу, бағылан (бағлан емес), лобыл (лобл емес), жағ-ы-лан, ке-і-лік, шүңүрей шүңірей, құбұла, құбыла т.б.
Тегінде, жоғарыда көрсетілген сөздердің (6-қосымша) көбіне ы, і əріптері арқылы р, л сонорларымен байланысты деуге болады. Сөз ба- сында р, л дыбыстарымен қалайда қысаң дауыстылар селбесіп айты- латындай р, л сонорлы буындарының алдына да ы, ұ і, ү қысаңдары селбесіп қолданылады. Топырақ, жапырақ, қапырық, қоңырау, мəміле, еңіре т.б. сөздердің сонорлы буындарының алдында ы, ұ, і, ү, қысаңда- рының жазылуы да сондықтан. Олай болса сəурік, емле, мемлекет т.б. сөздерді сəуірік, еміле, мемілекет түрінде жазу орынды емес пе? Бірақ бұлайша біржақты əліптемеге көшуге тіл шындығы жібермей- ді. Мысалы, сəуле, қайрақ, тура, тулақ, бұйрық, байрақ т.б. сөздерді сəуіле, туыра, қайырақ, туылақ, бұйырық, байырық деп жазуға тура
Орфография
келер еді. Сондықтан кез келген сонорлы буынның алдынан ы, ұ, і, ү қысаңдарын жаза беру ақиқатпен үйлеспейді. Тегінде, мұндай қай- шылықтың негізін р, у, й сонорларының ерекшелігін іздеуге тура ке- леді. Əдетте бұл дыбыстардың консонанттар қатарына жатқандығы даусыз. Аталған дыбыстарға аяқталған сөздер тəрізді қабылдайтыны белгілі. Мысалы: қар-ы, тау-ы, са-й, қағаз-ы, ат-ы, ықылас-ы т.б. Ал вокализмдерге аяқталған сөздерге тəуелдік жалғауы -сы, -сі түрінде жалғанады: қала-сы, төбе-сі, аға-сы т.б. Бұл парадигма бойынша р, й, у сонорлары дауыстылардан өзгешеленіп тұр. Енді мынадай қызықты бір құбылысқа назар аударайық р, й, у сонанттарына аяқталған сөз көптік жалғауын (-лар,-лер), есімнен етістік тудыратын аффиксті (-ла,
-ле) жəне сын есімнің -лы,-лі, -лық, -лік қосымшаларын дауыстыларға аяқталған сөздерше қабылдайды.



қар-лар

қар-лы

қар-лық

сыр-ла

қала-лар

тау-лар

тау-лы

тау-лық

сый-ла

қала-лық

сай-лар

сай-лы

сай-лық

сай-ла

желі-ле




Бұдан р, у, й сонорларының дауыстылардың қасиетіне біршама ұқсай- тындығын көреміз. Осы аталған сонорларды шартты түрде «жартылай дауысты» дыбыстар деуге болады. Жоғарыда көрсетілген (6-қосымша) сөздердің жазылуындағы қайшылықты, тегінде, осы ерекшелікпен бай- ланыстыра қараған жөн тəрізді. Атап айтқанда, у, й, р сонорларынан кейін р, л дыбыстары келетін болса р, л сонорлы буынның селбеспелі (проте- тический) ы, ұ, і, ү дауыстылармен айтылуы (жазылуы) басы артық құ- былысқа айналады. Олай болатын себебі у, й сонорларының дауыстыға ұқсайтын қасиеті бар. Сəуле, əуре, дəурен, айран, мейрам, бұйрық, ар- лан тəрізді сөздердің (ы) ұ, і, ү селбеспелі дауыстысыз қолданылуы да сондықтан. Енді жоғарыда айтылған сөздерді осы заңдылық тұрғысынан қарасақ, бірсыпыра сөз: сəурік, мейлінше, наурыз, емеурін, тегеурін, тəу- рет, ғұрлы, бурыл, құрлы, самаурын т.б. дұрыс жазылған. Бірақ кейбір сөздің əліптемесіне келгенде, оларды ы,і əрпі арқылы басы артық таң- балап жүргендігіміз байқалады: салбуырын (дұрысы – салбурын), түй- ірі (дұрысы – түйрі), т.б. Сөз тудырушы -ым, -ім аффиксінің жалғануы арқылы жасалған сөздердің жазылуы (қайыр қайырым, мейір мейірім, қойыл – қойылым, құрыл – құрылым, жайыл – жайылым жəне форма тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар жалғанғандығы сөздердің жазылуы қайыр-у, майыр-у, айыр-ыс, қайыр-ыс т.б.) бұл қатарға жатпай- ды (12).



Н сонорынан кейін р, л дыбыстары келетін болса, көмескі естілгеніне қарамастан, олардың селбеспелі дауыстылар арқылы қолданылуы міндет- ті. Мысалы, шаңырақ, төңірек, саңылау т.б. Олай болатыны ң дыбысы- ның əдеби тілдегі қасиеті «жартылай дауысты» й, у, р сонорлары тəрізді емес, бұл дыбысқа аяқталған сөз қосымшаларды басқа да консонанттар тəрізді қабылдайды. Мысалы: тең-дік, тең-де (тең-ле емес), мең-ді (мең- лі емес). Диалектілік қолданыста болмаса, əдеби тілде ң соноры л-мен тіркесуден қалайда «қашып» отыруға тырысады да, бұл тенденция екі түрлі жолмен жүзеге асады. Біріншісі – л дыбысының міндетті түрде д-ға алмасуы арқылы (саң-лақ, саң-дақ, түң-лік түн-дік, теңлеу, тең- деу, таңлау, таңдау т.б. , ал екіншісі – қысаң дауыстылардың селбесіп келуі арқылы (саңылау, аңыла, анда). Əдеби тілде ң сонорының л-мен тіркесуден «қашу» тенденциясын ескерсек, сіңлі, қаңлы, саңлақ сөздерін (диалектілік қолданыста сандақ, сінді деуі осы тенденцияға байланысты) сіңілі, қаңылы, саңылақ түрінде жазуға тиіспіз.
Сонымен, міне, «жартылай дауысты» сонорлардан (й, р, у) соң келген р, л, у дыбыстары селбеспелі ы, ү, і, у дауыстыларынсыз жазылады. Ал өзге жағдайдың бəрінде селбеспелі қысаңдардың жызылу себебі (əңгіме 6-қосымшадағы сөздер жайында) р, л сонорлы буынның протезалық да- уыстысыз қолданылмау қасиетіне байланысты. Бұл жөнінде қазіргі қазақ орфографиясының негізгі бағыты дұрыс.
Сөздің буын жіктерінде түрлі сонор дыбыстардың шоғырлануы кезін- де қысаң дауысты абсорбцияға ұшырап, басы артық дауыстыдан сол сөздің арылып отыруға ұмтылуының себебі бар. Ол – ашық буынның шектен тыс көбейіп кетуіне қарсы тенденция.
Бұл жайында Б.А.Серебренников: «Ашық буынның шоғырлануы сөздің айтылуын қиындатуы ықтимал. Оның себебін ашық буындағы дауыстылардың біршама созылыңқы болып келу жағдайына орай түсін- діруге болады. Ашық буын барлық жағдайда да дауыстылардың со- зылыңқылығын арттыра түседі. Міне, осындай себепке байланысты əртүрлі тілдің тарихында ашық буынның шоғырлануынан арылу, тым болмағанда, ашық буынның санын азайту тенденциясының бар екендігін байқауға болады», – дейді де, бұған мынадай мысалдар келтіреді: түрік- ше оғлу – оғул «ұл», көпрі – көпір, салыстыр: татарша – күпəр, түрікше йанлыс – йанылыс «жаңылыс», түрікше қарсы – қарысы «қарсы, қара- ма-қарсы» деген мағынада [37, 116 б.].
Шындығында, сəурік, салбурын тəрізді сөздерді қысаң дауыстылар- мен күштеп селбестіре айту физиологиялық тұрғыдан жеңіл болмаса керек. Бұл типтес сөздерді орфографияда селбеспелі дауыстысыз жазу сөздің айтылу нормасымен де ұштасып жатар еді.
Орфография
Қазіргі қазақ орфографиясындағы бірсыпыра сөздің əліптемесі ашық буынды «азайту» тенденциясына сəйкес келеді. Мысалы: қызмет (қы- зымет емес), хикмет (хикімет емес), жаднама (жадынама емес), құр- мет (құрымет емес), сахна (сахына емес), мəдғұн (мəліғұн емес), зақмет (зақымет емес), зергер (зерігер емес), мəжнүн (мəжінүн емес), емле (еміле емес), мемлекет (мемілекет емес), мəслихат (мəсілихат емес). Осы аталған сөздердің қатарына орфографиялық сөздікте (1978 ж.) ы, і əріптері арқылы таңбаланып жүрген кейбір сөздерді жатқызып, қысаң дауыстысыз жазуға болар еді. Мысалы, олар мына тəрізді сөздер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет