Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет16/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

тəйір – тəйрі (тəйірі емес), тəрік – тəркі (тəрігі емес).
ə) Семантикалық қарсылыққа ұшыраған сөздер: ауыл – ауылы (аулы емес), көңіл – көңілі (көңлі емес), бауыр – бауыры (бауры емес), жиын – жиыны (жины емес), сайын – сайыны (сайны емес), жайын – жайыны (жайны емес), ақыл – ақылы (ақлы емес) т.б.
Түбір сөздің буынындағы қысаң дауысты [ы] мен [і]-нің кейбір сөз- дерде түсіп қалу жағдайын жоғарыда біз тек тəуелдік жалғауымен бай- ланысты сөз еттік. Əдетте қысаң дауыстыны түсіріп қолдану тəуелдік жалғауынан басқа морфемалар ыңғайында кездеседі. Біріншіден салыс- тырғанда, қысаң дауыстыны екінші ыңғайдағы түсіріліп қолданылуы белгілі бір жүйеге бағынған. Оның өзі екі тоқпа бөлінеді (қосымша).



бүйір – бүйрек

ойын – ойнақ

көрін – көрнеу

дəуір – дəурен

ойын – ойна

жерік – жеркен

ерін – ернеу

орын – орна

жент – жентек





бауыр – баура

жұрын – жұрнақ

сыпыр – сыпыра
(тері)

бауыр – баурай

түйін – түйнек

ұлы – ұлғай

жиын – жина

сарық – сарқыт

сүйір – сүйрек

қорық – қорқа

жалық – жалқау

көрік – көркем

қойын – қойнау

қайыр – қайрақ

қиын – қина

мойын – мойнақ

күйіс – күйсе айыр – айран

сары – сарғай

қырын – қырна

үрік – үркек




сарын – сарна

жайыл – жайла




зорық – зорға







Бұл фонетикалық құбылыс түбір сөзге есімнен етістік (ойын-ойна), етістіктен есім (үрік – үркек), етістіктен етістік тудыратын, көбіне ашық дауыстыдан басталатын аффикс жалғануы арқылы жүзеге асады. Ал аф- фикстердің көбіне қысаң дауыстыдан басталатын түрлері жалғанғандағы сөздің фонетикалық жағдайы мен жазылуы мына тəрізді:




шақыр – шақырым

жұмыр – жұмырық

еріт – ерітінді

ғылым – ғылыми

жауыр – жауырын

қойыл – қойылым

бүкір – бүкірей

сауыр – сауырын

басыл – басылым

иір – иірім

қайыр – қайырым

кекір – кекірік

мейір – мейірім

жайыл – жайылым

көрін – көрініс

Түбір сөздегі қысаң дауысты дыбыстың түсіріліп, я болмаса түсіріл- мей қолданылуы қосымшадағы дауыстың ашық немесе қысаң болып ке- луіне тəуелді екендігін байқаймыз.


Бірсыпыра сөздің құрлыс, бұрлыс, ғылми, жилыс түрінде жазылмай, құрылыс, бұрылыс, ғылыми, жиылыс делініп, ы арқылы жазылуын аф- фикстің қысаң дауысты болып келу жүйесіне байланысты деп түсіндіру- ге болады. Алайда мұндай орындарда [ы] естілген жерде ы жазылады деген қағида бойынша жазылып келді. Бұл қағидаға, əрине, бастан-аяқ сүйену қиын. Өйткені [ы], [і] кейбір позицияда біреуге «естілуі», біреу- ге «естілмеуі» ықтимал. Сондықтан қайырып-қайрып, айрық-айырық, айырыл айрыл тəрізді сөздер əркелкі жазылып жүр. Егер азды-көпті
«күш» салып айтса, [ы] мен [і]-нің естілмейтін жері жоқ деуге болады. Белгілі бір сүйемелсіз тек «естілуіне» қарай жазудың қиындығы да осын- да. Ал жоғарыда айтылғандай қысаң дауысты аффикстің түбірге жалғану жүйесіне сүйенсек, бұл типтес сөздер айырық (айыр-ық), қайырыл (қай-
Орфография ыр-ыл), мойырыл (мойы-рыл), майырыл (майыр-ыл), ресіми (ресім-и)
түрінде жазылуға тиіс.
Жоғарыда біз сөз түрлендіруші қосымшамен (тəуелдік) жəне сөз ту- дырушы, форма тудырушы аффикстермен байланысты сөздің жазылу ерекшелігіне тоқталдық. Қысаң дауыстылардың жазылуына қатысты бір қиындық – олардың сөздің ішкі шеніндегі; яғни морфемаішілік əліпте- месі. Бұл топтағы сөздердің жазылу ерекшелігіне тоқталмас бұрын, олар- дың «Орфографиялық сөздіктегі» (1978 ж.) көрсетілген əліптемесіне на- зар аударып көрейік (6-қосымшаны қараңыз).
Көз жүгірте қарағанның өзінде, бұл сөздердің əліптемесі күрделі екен- дігі бірден байқалады. Неге сəурік сөзі і-сіз жазылады? Неге салбуырын арқылы жазылады ? Сондай-ақ фонетикалық бір заңдылыққа сая тұра емле, мемлекет, мəслихат, сіңлі т.б. сөздердің мəжіліс, мəміле, саңылау сөздерінен өзгеше жазылуының себебі неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет