Тілдегі дыбыстық өзгерістер əрқилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне əсер-ықпалын тигізіп отыратындықтан, əртүрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық құрамы жаңғырып отырады. Ды- быс құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар. Олардың орфогра- фиядағы көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда елене бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөз- дердің жазылуы əртүрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфография-
лық сөздігінде (1963) тепкі, текпі, тепкіршек – текпіршек варианттары- ның шапқыла нұсқасы берілмеген.
Əдетте, сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп аталады. Мысалы: өкпе – өпке, қақпан – қапқан, қақпақ – қапқақ, қақпа
– қапқа. Тіліміздегі кейбір сөз варианттарының (дублет, синоним, жа- рыспалы сөздер т.б.) пайда болуын, əртүрлі жазылуын метатезамен бай- ланысты қарауға болады. Мысалы, лəкпе – лəпке варианттары метатеза арқылы пайда болған. «Келгендердің бəрі де ұғындырған тəртіп бойынша сауда қыла келді. Əр күні əр лəкпеден əралуан ұсақ-түйек алды. Алушы жол болып қаңырап тұрған лəкпешілерге əңгіме керек» (М.Əуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі туынды түбірлерде ұшырайды: тепкі – текпі, тебрен – тербе т.б. [30, 98 б.].
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы ар- тық нəрсе деп сыңаржақ қарауға болмайды. Метатезаға ұшыраған сөз- дердің тіл қолданысында алатын орны əрқилы. Олардың түрлерін, шама- мен, мынадай топтарға бөлуге болады.
Метатезаға ұшыраған сөздер əуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек бір ғана вариант түрінде орнықты. Мысалы: қақпан, қақпақ, өкпе т.б. Бұлар синхрония тұрғысынан қапқан, қапқақ, қапқа, өпке делініп, əуелдегі күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тəрізді, бастапқы түрі əсбəб (араб сөзі). Малақай сөзінің «малай» диалек- тизмімен метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып айқындауға болады. Салыстырыңыз: малақай (Замахшари, Мукаддимат)
<маңқалай>мақалай>қазақша малақай. Малақай сөзі маңдай, маңлай, маңқа атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал [40, 288 б.].
Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөз- ге айналған: уақ (уақыт) – ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім), тебірен (əсерлен), тербе (шайқа), айнал (су буға айналады), айлан (айланып- толғану).
Ш мен қ дыбыстарының орын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы да- уыстыларының алмасуы) жəне балқаш варианттары пайда болған. Кейбір түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді [41, 239 б.]. Қазақ тілінде Балқаш сөзі гидроним ретінде ғана емес, əсіресе байырғы əдебиет өкілдері шығармаларында, аға буын тілінде, жалпы есім мəнінде жұмсалады. Балқаш, балшық (балшақ) əуелде мағыналық жақтан жары- са қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. Бал- шық «лай», «батпақ» деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» дегенді аңғартады:
Орфография Балқашын орып мал жеген
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады: ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде жұмақ стильдік жақтан бей- тарап, ұшпақ көбіне сөйлеу тіліне тəн. Сондай-ақ тыпыр етпе – тырп етпе; үлпіл – лүпіл, шықырлату – қышырлату параллельдерінің эмоция- налдық, семантикалық реңкі бірдей емес.
Метатезалық варианттардың барлығы бірдей мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан байқауға болады:
айналсақта – айналқоста жыпқыл – жықпыл алпарыс – арпалыс кежеге – кегеже
əлеуметті – əулетті кəпкір – кəкпір
əпке – əкпе күбжеңде – күжбеңде
əпкел – əкпел күдері – көдіре
əпкіш – əкпіш құптан – құттан бастығырыл – бастырығыл қақсит – қасқит бопса – боспа күнезер – құнезер
былжыра – жылбыра қыруар – қырауыр
дария – дайра мегзе – мезге
долана – донала моқал – молақ
дорба – добра нысап – ынсап
дөрекі – дөкір сыпатта – ыспатта
жалаңаш – жаңалаш шуалшын – шылаушын
жалау – аужал шыбжалақта – шыжбалақта шыбжыңда – шыжбыңда
Əдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңардың біріне артықшылық беріп отыруды қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде, олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нұсқасын беру тиімді. Мысалы: түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), əпкел (əкпел емес), т.б. Мұндай екіұдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп -, теп-, шаш- т.б. түбір сөздерге əртүрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға ұйытқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл т.б.). Ал метатезаға ұшыраған варианттарда (түк-, шақ- т.б.) мұндай қасиет жоқ. Сондықтан
дыбыстардың нақтылы бір фонемалық жағдайындағы транспозицияла- нуын жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы сөздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, тек түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйену тиімді деу- ге болады. А.А.Пальмбах пен Ф.Г.Исхаков өздерінің «тува тілдеріндегі жəне кейбір түркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген мағыналарын- да В.В.Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-ша- ла ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөл- шектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне назар аудартады. Сепкіл, тепкі, əпке, түпкі сөздерінің секпіл, текпі, əкпе, түкпі түрінде (пк, кп айтылуын В.В.Радловтың осы пікіріне байланысты қарастыруға болады. Яғни еріннің түйісу арқылы жасалатын дыбыстарға (п, б) қараған- да, тілдің артқы бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынғырақ айтылуы физиологиялық тұрғыдан анағұрлым жеңіл- деу болуға тиіс. Сөз шенінде (п,к) дыбыстары тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физиологиялық қолайлыққа байланысты [қ] дыбысы [п]-дан бұрын келуге тырысады, яғни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысына қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жыпқыл тəрізділер – сепкіл, өрепкі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк, стильдік реңк алған ай- нал-айлан, деме-меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрепкі (өрекпі емес), жыпқыл (жықпыл емес), шып- қырт (шықпырт емес), əпке (əкпе емес). Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілгеру дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты тəрізді. Мысалы: құптан – құтпан, бопса – боспа, күбжеңде – күжбеңде, шыбжалақта – шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға, [б], дыбысының [ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгеру. Ды- быстардың осындай транспозициялану бағытына сүйене отырып, бұлар- дың жазылуда ескерілетін варианты құптан, бопса, күбжеңде, шыбжа-
лақта деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |