Алғы сөз Уəли Нұргелді


Соңы -а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуы мен айтылуы



бет35/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Соңы -а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуы мен айтылуы





Жазылуы

Айтылуы

анкета

анкета//анкет

анкеталық

анкеталық//анкеттік

аптека

аптека//аптек//əптек

арена

арена

аренда

аренда

арматура

арматура//арматур

арматурашы

арматурашы//арматуршы

база (ауыл шар. термині)

баз

банды

банды

банка

банкі

газет (газета емес)

газет

гитара

гитара//гитар

гитарашы

гитарашы//гитаршы

грамота

грамота

диета; бірақ: диетасхана

диета//диет

контор

контор

контрабанда

контрабанды

координата

координат

котлет

котлет

лампа

лампы

майка

майкі

мандола

мандол

мандолина

мандолин

марка

маркі

минут

минут

мода

мода

награда, бірақ: наградтау

наград, наградтау

плацкарт

плацкарт

планета

планета

секунд

секунд

сигара

сигар

сигарета

сигарет

терраса

террас

Орфография



фаза

фаза

фанера, бірақ: фанерлеу

фанер, фанерлеу

фара

фар

форма

форма

цитата

цитат

цифр

цифр

Орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жалғану ерекшеліктері. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері бойынша қосымшалар сөзге буын үндестігі заңдылығымен жалғанатыны мəлім. Қазақ тілінің төл сөздерінде бұл заңдылық мейлінше сақталады (мысалы, оқушы- лар, оқушы-лар-ға, мұғалім-ге, мұғалім-нің, кітап-қа, кітап-тың т.б.); араб-парсы тілінен енген сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі де осы заңдылыққа бағынады, бірлі-жарым өзгешеліктер араб-парсылық сөз-жұрнақтардың жазылуында ғана кездеседі (əсем-паз, өнер-паз, əу-
ес-қой т.б.).
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» көрсетілген орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі туралы қағидаларды былайша топтауға болады:

  1. Орыс тілінен енген түбір сөздерге қосымшалар қазақ тілінің төл сөздерімен бірдей дəрежеде жалғанады, яғни соңғы буынындағы дауыс- ты дыбыстың əуеніне қарай, буын үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жазылады: институт-тар, бюллетеньдер т.б.

  2. б, в, г, д əріптеріне біткен орыс тілінен енген сөздер айтылуда қатаң п, ф, к, т дыбыстарына айналатындықтан, бұндай сөздердің қосымша- лармен түрленуі «сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан баста- латын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң... болып жалғанады» деген қағидаға негізделеді: клуб-қа, парад-тан, архив-тен, коллектив-тен, ар- хеолог-тер.

  3. Қосарлы дауыссыздарға аяқталған сөздерге қосымша жалғаудың мынадай ерекшеліктері бар:

а) қосарлы рк, нк, кс, кт дыбыстар тіркесіне қосымшалар жіңішке жалғанады: парк-ке, банк-і-ге, бокс-ке, пункт-ке.
ə) нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қа- зақ тілі қосымшалары жалғанғанда, қысаң ы, і дыбыстары дəнекерлік қызмет атқарады: фонд-ы-ға, фонд-ы-сы, штамп-ы-лау, штамп-ы-сы, проспект-і-ге, проспект-і-сі, ринг-і-ге, ринг-і-сі, ромб-ы-ға, ромб-ы-сы, киоск-і-ге, киоск-і-сі, шрифт-і-ге, шрифт-і-сі;
б) сс, лл, тт, кк тəрізді қосар дауыссыз дыбыстарға аяқталатын жалпы есімдерде дыбыстардың бірі түсіріліп жазылады: прогресс прогрес-шіл, класс клас-қа, металл металдың; ал жалқы есімдерде қосарлы ды-

быстар сақталады: Донбасс – Донбасс-қа; бірақ дəл сол дыбыстан баста- латын қосымша жалғанғанда, олардың бірі түсіріледі: Донбас-сыз (Дон- басссыз емес).
в) ст, сть, зд сияқты дыбыстар тізбегімен аяқталатын сөздерге қосым- ша жалғанғанда, соңғы дыбыстар түсіріліп жазылады: текст текс-ке, ведомость-ведомосқа, поезд – поез-бен т.б.
г) -ль əріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымша бірыңғай жіңішке түрде жалғанады: роль-ге, роль-дің, руль-ге, руль-дің.
Сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғаудың Негізгі ережелерде көрсетілмеген, бірақ жазу практикасында ескерілуге тиісті тағы да бірнеше ерекшеліктері бар:
к, қ, п дауыссыз дыбыстарына аяқталатын қазақ тілі сөздері дауыс- ты дыбыстан басталатын қосымшалармен түрленгенде, бұл дауыссыз- дардың ұяңдап, ғ, г, б дыбыстарына айналғандығы мəлім. К дыбысына бітетін орыс тілі сөздері де қазақ тілі қосымшаларын қабылдағанда осы заңдылыққа бағынады: гудок гудогы, кубок кубогы, механик механи- гі, блок – блогы, полковник – полковнигі.
Ал соңында п, х дыбыстары бар сөздер де осы өзгеріске ұшырауға тиісті болғанымен, бұл заңдылыққа бағынбайды. Мысалы, укроп – укро- пы, принцип – принципі, окоп – окопы, тип – типі, шуруп – шурупы, си- роп сиропы, штрих штрихі, цех цехы, альманах альманахы, шах шахы. Мұндай ерекшелік басқа да бірлі-жарым сөздерде кездеседі. Мы- салы, айтуға хақы бар дегендегі хақ сөзінің соңындағы қ дыбысы ай- тылуда да, жазылуда да ғ болып ұяңдамайды.
Негізгі ережелерде -ль əріптеріне аяқталатын бір буынды сөздердің жіңішке қосымшалармен түрленетіндігі аталған. Ал нақ осындай əріп- терге бітетін көп буынды сөздерге қосымшалар қағида бойынша жуан не жіңішке болып, соңғы буынға үндесуіне қарай жалғанады: бір буынды сөздер – роль, роль-ге, рол-і, ноль, ноль-ге, нол-і; бірнеше буынды сөздер – гастроль, гастроль-ға, гастролы, король, король-ға, корол-ы. Жоғарыда аталғанындай жазу тəжірибесінде гастроль, пароль, король, бандероль типтес бірнеше сөздерге жіңішке қосымша жалғанып жиі ұшырасады: гастроль-ге, гастрол-і, король-ге, корол-і. Шын мəнінде ноль, роль, руль жəне король, гастроль, пароль сөздерінің арасында қазақ тілі қосымша- ларын қабылдауда ешбір айырмашылық болмауға тиіс; бірнеше буынды сөздердің бастапқы буындары қосымшалардың үндесуіне ықпал жасай алмайды. Сондықтан соңғы -ль əрпінің жіңішке айтылуына орай бұл сөз- дерге жіңішке буынды қосымша жалғанады; яғни гастроль-ге, гастрол-і; пароль-ге, парол-і, король-ге,корол-і.
Орфография
Осы айтылғандарға байланысты фестиваль, мораль, магистраль, ме- даль, педаль, госпиталь тəрізді сөз соңында -аль дыбыстар тізбегі бар сөздерге қосымша жалғанудағы ерекшеліктер де назар аудартады. Нақты қағидаларға сүйенетін болсақ, бұл сөздерге соңғы буындағы а дыбысына үндесетін жуан буынды морфемалар жалғануы тиіс. Тіл қолданысында бұл ретте де бірнеше варианттар кездеседі. Бұнда екі түрлі заңдылық анық байқалады: фестивальға, моральға, госпитальға, магистральға болып барыс септігі формаларының үндесе, үйлесе жалғануы соңғы буындағы а дыбысының тікелей əсерінен болса, тəуелдік жалғауларымен түрленгенінде фестивалы емес, фестивалі болып, медалы емес, медалі болып, магистралы емес, магистралі болып өзгеріп кетуі (жіңішке қо- сымшаның жалғануы) соңғы -ль дыбысының жіңішке айтылуымен бай- ланысты. Бұндай бірқатар ерекшеліктер қабылдаушы қазақ тілінің өз табиғатында да бар; куə, куəға, куəдан, бірақ: куəлік; Күлəш-тің, бірақ: Күлəш-қа тəрізді құбылыстар қазіргі қазақ əдеби тілі үшін орфография- лық норма болып саналады. Сондықтан да қазақ тілінің айтылу норма- ларына сəйкес қалыптасқан жазу үлгілерін норма ретінде тұрақтан- дыруға болады: яғни фестиваль, фестиваль-ға, бірақ: фестивал-і, фестивалінде; мораль, мораль-ға, мораль-дық, бірақ: морал-і; медаль, медаль-ға, бірақ: медалі.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп қабылданған жаңа редакциясында өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңғы буындары ог, уг дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалардың жалғануы. Қалыптасқан қағида бойын- ша ог, уг дыбыстарына аяқталатын сөздер төл сөздерге қосымша жалға- ну заңдылықтарымен бір ыңғайда қарастырылып, яғни соңғы буындағы дауысты дыбыстың əуеніне қарай, буын үндестігіне сəйкес жазылып келген болатын-ды: педагог-тар, педагог-қа. Бірақ осы тұста да жазу практикасында бірде педагогтар, енді бірде педагогтер түрінде екі түрлі жазылып, варианттылық байқалды.
Негізгі ережелерде бұндай сөздерге қосымша жалғану жеке қағида- мен бөлініп берілді: «Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздер мен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар əрдайым жіңішке түрде жалға- нады: педагог-тер, педагог-тік, геолог-тер, геолог-ке, округ-тік, парк- тен, парк-ке, парторг-тер, киоск-і-ге, факт-і-ге, полк-ге, пунк-тер, ок- тябрь-ге, ансамбль-ге, бинокль-дер.
Негізгі ережелерде өзгертіліп берілген бұл қағида бірнеше заң- дылыққа негізделеді. Ог, уг дыбыстары тіркесіне аяқталатын сөздердің (геолог, археолог, диалог, монолог, биолог, педагог, округ, аншпуг т.б.)

соңғы буындары қазақ тілінде г дыбысының жіңішке дыбысталатын- дығына қарай жіңішке айтылады. Жəне де о дыбысы қазақ тілінде көп буынды сөздердің соңғы буынында кездеспейді. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары үшін де сөз соңының г дыбысына аяқталуы – тосын жайт. Төл сөздерде ұяң г дыбысының жіңішкелік сипаты, сондықтан да тек жіңішке дауысты дыбыстармен тіркесетіндігі (көгал, гауһар деген сөздерден басқа) орыс тілінен енген сөздердің дыбысталуына да əсерін тигізеді, яғни соңында ог, уг дыбыстар тізбегі бар сөздерге қосымша г дыбысының ерекшелігіне орай жалғанады. Округ сөзіне жіңішке буын- ды қосымшаның жалғануы сөз соңындағы г дыбыстардың ұяң дауыс- сыз екендігімен қатар, көрші дыбыстардың əсеріне қарай у дыбысының да өзгермелі (бірде жуан, бірде жіңішке) болып отыратын табиғатына
қатысты.
Ал ак, аг, ок, ук дыбыстарына аяқталатын сөздер бұл ережеге бағын- байды. Оларға қосымша жуан түрде жалғанады, яғни казак, бак, анашлаг, универмаг, кубок, гудок, блок, станок, бамбук, галстук сияқты сөздердің соңғы буындары жуан болғандықтан, олар қазақ тілі қосымшаларының жуан варианттарын қабылдайды.
Казак, бак, бурлак, гамак жəне аншлаг, универмаг сияқты сөздерге сөз соңында к, г дыбыстарының дауыс қатысына қарай бірі қатаң, бірі ұяң екендігіне қарамастан, жуан буынды қосымшалардың жалғануы (казак-қа, бак-қа, багы, аншлаг-қа, аншлагы, универмаг-ка, универмагы) соңғы буындағы а дауысты дыбысының қазақ тілінде барлық позиция- да, соңғы буынға дейін сақталатындығына байланысты. Мұндай дыбыс заңдылығы соңғы дауысты дыбыстары жіңішке токарь, жəне мораль, фестиваль тəрізді сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуіне де əсер етеді. Бұларда да соңғы жіңішкелік белгісіне, яғни л, р дыбыста- рының жіңішке айтылуына қарамастан, қосымшалардың жуан вариан- ты қолданылады: токарь-ға, токарь-лық, мораль-дық, фестиваль-ға, фестиваль-дық (соңғы сөздерге дауысты дыбыстан басталатын тəуелдік жалғаулары жіңішке жалғанады). Өйткені мұнда соңғы буындағы а ды- бысының қазақ тілі үшін универсалды позицияда болатын сипаты үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет