-щина, -вед, -ив, -ант арқылы жасалған сөздердің беретін терминдік мағынасына нұқсан келмейтін жағдайда ғана бұл қосымшалар ұлт тіл- деріндегі тиісті формаларымен ауыстырылады.
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалға- нуы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Б, в, д дыбы- старына аяқта- латын сөздер
|
к, п, х ды- быстарына аяқталатын сөздер
|
қосарлы да- уыссыздарға аяқталатын сөздер
|
рк, нк, ск, кс, нт, кт, мб, фт, мп дыбыстар тізбегіне аяқталатын сөздер
|
ст, вт дыбыстар тізбегіне аяқталатын сөздер
|
клуб, клуб-қа, клуб-ы,
штаб, штаб-қа, штаб-ы, архив, ар-
хив-ке, архив-і, завод, завод-қа, завод-ы
|
блок, блогы механик, механигі полковник, полковнигі принцип, принципі тип, типі телескоп, телескопы альманах, альманахы шах, шахы штрих, штрихі
|
металл, металдың, металмен класс, класқа, клас-ы грамм, грам-ға, грам-мен ватт, ват- тың, ватқа
|
парк, парк-ке, парк-і танк, танк-ке, танк-і киоск, киоск-іге, ки- оск-і-сі
бокс, бокс-ке, бокс-і винт, винт-ке, винт-і пункт, пункт-ке, пункт-і
антракт, антракт-і-ге, антракт-і-сі проспект, проспек-
ті-ге, проспект-і-сі ромб, ромб-ы-ға, ромб-ы-сы
шрифт, шрифт-і-ге, шрифт-і-сі
штамп, штамп-ы-ға, штамп-ы-сы
|
текст, текс- ке, текс-і бюст, бюс- ке, бюс-і альпи- нист, аль- пиниске, альпинис-і космонавт, космо- навқа, кос- монав-ы терапевт, терапев-ке, терапев-і
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
нд, зд, рд, нг, дж дыбыстары тізбегіне аяқта- латын сөздер
|
-ость, -арь,
-ерь дыбыс- тарына біт- кен сөздер
|
-оид дыбыс- тарына біт- кен сөздер
|
-ер дыбыстарына біт- кен сөздер
|
-ий дыбыс- тарына біт- кен сөздер
|
фонд, фонд-ы- ға, фонд-ы-сы стенд, стенд-і- ге, стенд-і-сі Бірақ: голланд, гол- ланд-қа, гол- ландтар исланд, ис- ланд-қа, ис- ландтар таиланд, таи- ланд-қа, таи- ландтар
поезд, поезд-ға,
поез-ы
|
ведомость, ведомосқа, ведомос-ы секретарь, секретарь-ға, секретар-ы календарь, календарь-ға, календар-ы
|
гиперболо- ид гипербо- лоид-ке, ги- перболоид-і целлулоид, целлуло-
ид-ке, целлу- лоид-і металлоид, металло-
ид-ке, ме- таллоид-і
|
дирижер, дирижер-ге, дирижер-і
модельер, моде- льер-ге, модельер-і шофер, шофер-ге, шофер-і
шахтер, шахтер-ге, шахтер-і
репортер, репортер-ге, репортер-і
|
санаторий, санато- рий-ге,
санаторий-і лекторий, лекто-
рий-ге, лекторий-і сценарий, сцена- рий-ге,
сценарий-і
|
Орфография
митинг, ми- тинг-іге, ми- тинг-і-сі лорд, лорд-қа, лорд-ы колледж, кол- ледж-ге, кол- ледж-і коттедж, кот- тедж-ге, кот- тедж-і
|
|
|
|
|
11
|
12
|
13
|
14
|
-аль дыбыста- рына аяқтала- тын сөздер
|
-оль ды- быстарына аяқталатын сөздер
|
-уль ды- быстарына аяқталатын сөздер
|
-ель дыбыстарына аяқталатын сөз- дер
|
медаль, ме- даль-ға, бірақ: медал-і мораль, мо- раль-ға, бірақ: морал-і фестиваль, фестиваль-ға, бірақ: фести- вал-і февраль, фев- раль-ға,
бірақ: феврал-і
|
гастроль, гастроль-ге, гастрол-і пароль, пароль-ге, парол-і король, король-ге, корол-і
|
модуль, модуль-ге, модул-і циркуль, циркуль-ге, циркул-і патруль, патруль-ге, патрул-і
|
акварель, акварель-ге, акварел-і артель, артель-ге, артел-і гантель, гантель-ге, гантел-і
|
Мысалы, коммунист, турист, машинист, фигурист жəне тракто- рист – тракторшы, штангист – штангашы, репортер, монтер, моде- льер, шахтер жəне комбайнер – комбайншы, боксер – боксші, спортсмен
спортшы, рекордсмен – рекордшы жəне конгрессмен, бизнесмен; про- грессивный – прогресшіл, флективный – флексиялық; экспрессивный – экспрессиялық т.б. Осы заңдылықтар ізімен жазуда əртүрліліктер мен жарыспалылықты болдырмас үшін -альн, -льн дыбыстарына аяқтала- тын сөздердің де емлесін екі ыңғайда топтастыруға болады: документті
документальды – документальді варианттарының алғашқысы – əдеби норма; экспериментті – эксперименталды – экспериментальды қатарла- рының біріншісі – əдеби доминант сөз жəне т.б.; өйткені бұл лексикалық единицалардың түбірлері жеке қолданылып, қазақ тілінің сөз тудырушы, сөз түрлендіруші морфемаларымен өзгере алады. Ал дифференциалды, профессионалдық, натуралды, коммуналды, универсалды тəрізді сын
есімдердің түбірлері де (дифференциал, универсал, натурал, коммунал) қолданылатындықтан, сөз соңында жіңішкелік белгісі жазылмайды; яғни дифференциаль-ды емес, дифференциалды, натураль-ды емес, натурал- ды; коммунальды емес, коммуналды жəне т.б.
Бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
1
|
2
|
акр, акр-ға, акр-ы
|
фунт, фунт-қа, фунт-ы
|
акт, акт-і-ге, акт-і-сі
|
шарф, шарф-қа, шарф-ы
|
альт, альт-қа, альт-ы
|
шарж, шарж-ға, шарж-ы
|
бант, бант-қа, бант-ы
|
шах, шах-қа, шах-ы
|
бинт, бинт-ке, бинт-і
|
цех, цех-қа, цех-ы
|
бюст, бюс-ке, бюс-і
|
|
вальс, вальс-ке, вальс-і
|
|
верфь, верфь-ке, верф-і
|
|
винт, винт-ке, винт-і
|
|
вист, вис-ке, вис-і
|
|
вуаль, вуаль-ға, вуал-і
|
|
гимн, гимн-ге, гимн-і
|
|
гонг, гонг-і-ге, гонг-і-сі
|
|
диск, диск-і-ге, диск-ісі
|
|
жест, жес-ке, жес-і
|
|
князь, князь-ға, княз-ы
|
|
лорд, лорд-қа, лорд-ы
|
|
матч, матч-қа, матч-ы
|
|
нерв, нерв-ке, нерв-і
|
|
пост, пос-қа, пос-ы
|
|
ткань, ткань-ге, ткан-і
|
|
тост, тос-қа, тос-ы
|
|
факт, факт-і-ге, факт-і-сі
|
|
ферзь, ферзі-ге, ферз-і-сі
|
|
фильм, фильм-ге, фильм-і
|
|
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің орфографиясы
Қазіргі қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамында шығыс халықта- ры тілдерінен ауысқан болып есептелетін (араб жəне иран тілдерінен енген жəне түркі, монғол тілдеріне ортақ сөздер) бір топ қабат бар. Бұл топтағы сөздер ішінде қазақ тіл білімінде əсіресе араб-парсы тілдерінен енген сөздер көбірек зерттеліп келеді; соңғы жылдардың өзінде бірнеше түсіндірме сөздіктер [70 ] жəне ғылыми еңбек [71] жарық көрді.
Басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қазақ тілінің сөздік құрамында араб-парсы элементтері онша көп емес. Зерттеуші Л.З.Рүсте-
Орфография
мов қазіргі қазақ əдеби тілінде əдеби нормаға түсіп қалыптасқан жəне активті қолданылатын араб-парсы сөздерінің саны небəрі 15 процентке жуық екенін айтады.
Түркі тілдеріне араб-парсы тілдерінің мейілінше ықпал еткен кезеңі – өткен ғасырлар. Ал өткен ғасырларда түркі халықтарына қарым-қатынас жасауда тілдің ауызша сөйлеу формасының рөлі жоғары болғандығы бел- гілі. Сондықтан да түркі тілдерінің көпшілігінде араб-парсы тілдеріне тəн сөздер фонетикалық та, графикалық та түрін өзгертіп, қабылдаушы тілдердің дыбыстық – фонетикалық заңдылықтарына бейімделіп қалып- тасқан. Бұл сипат қазақ тіліне де тəн; көне жазба ескерткіштерде, қис- са-дастандарда, өзге де жазба тіл нұсқаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің өзі «қазақ тіліне онша сіңісе қоймағанымен», түпнұсқа қал- пын, араб-парсылық графикасын толық дəрежеде сақтамай, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сəйкес, айтылу-естілу ерекшеліктеріне қарай қалып- тасқан.
Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да араб-парсы елдерімен тікелей немесе жанама қоғамдық-мəдени байланыстары өт- кен кезеңдерде ғана болып, қазір тоқтағандықтан, сөз ауысу процесі де бəсеңдеп, саябырлады.
Ал қазақ əдеби тілінің сөздік құрамындағы байырғы араб-парсылық сөздер – тілдің қарым-қатынас жасау қызметтеріндегі аса активті эле- менттердің бірі. Əсіресе оқу-ағарту, білім, мəдениет салаларына қаты- сты терминдік атаулардың жасалуында немесе төл сөздердің айрықша стильдік реңкті синонимдік қатары болып жұмсалуда да бұл қабаттың мүмкіншілдігі мол. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің қазақ тілінде əртүрлі дыбысталуы нəтижесінде пайда болған вариант қатарлар- дың кейбір үлгілері семантикалық дифференциялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың, түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың бала- масы ретінде қалыптасып орнықты, мысалы, өкімет (власть) – үкімет (правительство), өкіл (представитель) – уəкіл (уполномоченный), ілім (учение) – ғылым (наука), қазір – əзір, хал – əл, ауа – əуе т.б. осы ізбен уəде – уағда (алғашқысы бейтарап мағынада, ал екінші сыңары уағдала- стық, уағдаласу сияқты қоғамдық-саяси мəндегі терминдердің жасалуы- на негіз болып отыр), мəлімет – мағлұмат, оқиға – уақиға варианттары да дара мағыналармен сараланып келеді. Сондай-ақ араб-парсы тілдерін- дегі бір сөздердің жекеше-көпше тұлғаларының қазақ тіліндегі қатар қолданыстарының бір тобы əртүрлі мағыналармен ажыратылса, (мыса- лы, хал – ахуал (қоғамдық-саяси термин), хабар – ақпар, ғалым – ғұлама, лұғат – ұлағат, тарап – атырап, рай – арай), енді бір тобы төл сөздер- мен синонимдік қатар түзеп, сөз байлығын толықтыруға қатысады; мы-
салы, ишара, ишарат, нышан, нышана т.б. Араб-парсылық -нама, -паз,
-хана сөз-жұрнақтары қазақ тілінде жаңа сөз, термин жасау процесіне өнімді араласады.
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы енгендіктен, араб-парсы сөздері графика- лық та, дыбыстық та түрлерін өзгертіп, ауызекі тілде айтылуы бойынша жазылады. Жалпы, қазақ тіліндегі бұл қабатқа топтастырылатын сөздер емлесінде басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қиындықтар мен ала-құлалықтар жоқ [72, 89 б.].
Дегенмен, қазіргі жазу практикасында бірнеше түрде жазылып жүр- ген фонетикалық варианттардың негізгі дені араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер екенін көруге болады. Арнайы сөздік-құралдардың өзін- де де екі не үш түрлі жазылған сөздер саны едəуір (мысалы, «Қазақ тілін- дегі араб-парсы сөздері» атты кітапта фонетикалық варианттар 130-дан асады, ал «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздікте» олардың саны – ша- мамен 75-ке жуық).
Мейлінше дамыған, əдеби нормалары айқындалған, орфографиясы кемелденген тілдің өзінде де варианттылық құбылысы кездеспей қой- майтындығы белгілі. Варианттылық – жеке бір тілдің тарихына жəне оның даму ерекшеліктеріне байланысты құбылыс, сондықтан оларды нормалауда, реттеуде осы жайт ескеріледі.
Жарыспалылық, əсіресе фонетикалық варианттар – тілдің əдеби нор- масына, орныққан, қалыпты емлесіне нұқсан келтіретін, кедергі тудыра- тын фактілердің бірі. Бұл құбылысты реттеуде статистикалық əдіс ұсы- нылып жүр, бұл əріптің балуан – палуан тəрізді дыбыстық варианттармен бірге, лексикалық, морфологиялық дублет қатарларды саралауда үлкен көмегі бар. Жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары варианттарды есеп- ке алу арқылы, сонымен қатар, белгілі бір стильдік реңкі байқалатын, сондықтан да əдеби тіл кəдесіне асатын сөздерді де айқын ажыратуға мүмкіндік туады. Тіл тəжірибесінде жиірек жұмсалып жүрген сыңарла- рын тіркеп, ескерудің нəтижесінде, мəселен, «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» алғашқы басылымында (1963) берілген түп төркіні араб-пар- сылық дублет сөздердің емлесі сөздіктің кейінгі басылымында (1978) бірқатар түзетілді: алғашқы басылымда гіл, ғадауат, ғадет түрінде жа- зылған сөздер кейінгі басылымда кіл, əділет, əдет (ғадет емес) болып жазылып, дұрыс ұсынылған. Егер фонетикалық варианттардың бір сыңа- рын қолданыс жиілігіне қарай нормаға айналдыру мүмкін болса, онда аталған сөздіктің екінші басылымында норма ретінде берілген ажуа, аумесер, əзезіл, бəдеуи, жадыгөй сияқты араб-парсы сөздерінің қазіргі жазба тіл үлгілерінде əжуа, əумесер, əзəзіл, бəдəуи, жəдігөй сияқты ва- рианттарының жиі қолданылатыны да ескерілуге тиіс.
Орфография
Жазу практикасында жəне арнаулы нормативті құралдарда əлі де болса қатар жұмсалып жүрген сөздер бар. Олардың ішінде абжад – əб- жад, парапар – барабар, батсайы – патсайы, пейіш – бейіш, бейсауат – бейсеубет – бейсауыт (жəне бей – префиксі арқылы жасалған өзге де эле- менттер), зəрезап – заразап – зəрезеп, жады – жəді, дихан – диқан, сұх- бат – сұқбат, пайым – байым, қадім – қадым, кібісе – кəбиса, қазірет – əзірет, қасірет – қасырет, тақсірет – тақсырет, қаріп – кəріп – қарып – ғаріп, нəсіп – несіп, фəни – пəни, кəусар – кəусер тəрізді варианттар ле- гінің алдынғы сыңарларының жұмсалу жиілігі жоғары екендігі байқала- ды, ал мақсат – мақсұт, заман – замана, дəрі – дару қатарлары стильдік өрістерге қарай (бірі – бейтарап стильде, екіншісі – көтеріңкі стильде) топтасып, сараланса, қадам – адым, ынсап – нысап, разы – ырза – риза, ризық – ырзық – рызық, лағынет – нəлет, зирек – зерек параллельдері синонимдік қатарлар құрап, тең дəрежеде қолданылып келеді.
Қазақ тіліндегі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің емлесін қалып- тастыру, əдеби тілге қажетті, ұтымды сыңарларын талғау немесе мағына- лық айырыммен, белгілі бір стильдік бояумен жұмсалуға икемділерін саралау ұзақ мерзімді жəне мұқияттылықты талап етеді.
Қазақ тіліндегі негізгі төркіні араб-парсылық сөздерді жинақтап көр- сететін жоғарыда аталған сөздіктерде вариант сөздерді нормаландыру принципі көзделмейді. Соның нəтижесінде, мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» сөздігінде екі сыңары да əдеби норма ретінде таны- латын фонетикалық варианттармен қатар (тозақ – дозақ, балуан – палу- ан), əдеби тілде толық орныққан сөздің бейəдеби екінші сыңары (олар көбінесе жергілікті жерде немесе ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалады) да берілген. Мысалы, айла – ила, ақық – ахық, араб – ғараб, еш – һеш, нө- кер – нөгер, раушан – рəушан, рақым – рахим, тайпа – тайфа, жақұт – якут, ізет – іззет, сүре – суре, қасірет – ғасірет, ділда – ділдə, əділет – ғадалат – ғаділет, пенде – бенде – бəнде, əмісе – һəмиша т. б. Бұл қатар- лардың соңғы сыңары қазіргі əдеби тіл қолданысында жоқ екендігі, ал алдыңғы сыңарларының тұрақты əдеби норма екендігі ешбір дау туғы- збайды.
«Парсыша-қазақша сөздікте» де осындай жайттар бар. Бұнда бат- сайы – патсайы, аждаһа – айдаһар, апырай – япырай тəрізді екі сыңары да тұрақталған жарыспалы сөздер дұрыс көрсетіле отырып, орфография- сы жағынан сұрыпталған, жазылуы толық орныққан дублеттердің бейə- деби түрі де беріледі: патша – патса, парша – барша(мата), пұшайман – пышайман, палау – балау, болат – полат, пешене – пышана – бешене, бесін – песін, дұшпан – дұсман, биқасап – биқасам, дегдар – текдар, қожа – хожа, талшын – даршын т. б. Бұл параллельдердің екіншілері
жырлар мен эпостарда, өткен дəуірлердегі жазба тіл нұсқаларында кез- деседі, кейбірі диалектизм ретінде қазір де қолданылуы мүмкін. Бұндай жағдайда арнаулы сөздіктерде жарыспалы элементтердің стильдік бел- гілермен ажыратылып көрсетілуі орынды.
Қазақ тіліндегі фонетикалық дублеттердің жасалу себептері шығыс тілдерінен ауысқан сөздердің ауызекі тіл арқылы енгендігімен байланыс- ты. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тəн емес араб-парсылық ج (дж), ه (һа), ف (ф), ﺀ (хамза), ح (х), ع (əйн) дыбыстарының қазақша айтылуда өзгеруі жəне қабылдаушы тілдің төл дыбыстарымен берілуі – заңды құ- былыс. Араб-парсы тілінде фонемалдық рөлі күшті дауысты дыбыстар- дың (қысқа жəне созылыңқы дауыстылар) ерекшеліктері де қазақ тіліне енген сөздердің бірнеше вариантта айтылуын туғызды.
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, бірнеше тұлғада айтылып жəне жа- зылып жүрген варианттардың жасалу себептерін былайша топтауға бо- лады:
Араб-парсылық дыбыстар қазақ тілінің айтылу заңдарына қарай бейімделгенінде, төл тілдегі сол дыбыстарға жуық бірнеше фонемалар- мен алмасады, олардың ішінде əсіресе б – п, қ – х дыбыстарының алма- суы арқылы пайда болған варианттар жиі кездеседі.
«Қазақ жəне қырғыз тілдерінде п дыбысынан басталатын сөздер өте аз, – деп көрсетеді Н.Қ.Дмитриев, – олар негізінен шет тілдерден енген жəне дыбыстық еліктеуден пайда болған сөздер. Сондықтан осы топқа түркі тілдерінің көпшілігіне тəн емес ف (фə) дыбысынан басталатын араб-парсылық сөздер де енеді» [73, 270 б.]. Бұған пешене, пітір, пияз, пейіл, пейіш, пенде, пақыр, пəтуа, пұл жəне басқа да əдеби лексикалық единицалардың б дыбысынан басталатын, жергілікті тіл ерекшеліктерін- де жəне ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын жарыспалы тұлғалары, сондай-ақ екі сыңары əдеби нормаға айналған балуан – палуан, парапар – барабар, патсайы – батсайы сөздері дəлел бола алады.
Араб-парсылық ح(ха) дыбысының қазақ тілінде өзгеріске ұшыра- уынан жасалған фонетикалық варианттардың бір тобы (диқан – дихан, рақмет – рахмет, əрекет – қарекет, сұқбат – сұхбат, əкім – хакім) жазуда əлі де болса нормалана қойған жоқ.
ح (ха) дыбысының орыс тіліндегі х дыбысынан айырмасы бар жəне бұған сəйкес келетін дыбыс қазақ тілінде жоқ. Сондықтан да бұл ды- быс тіл арты спиранты қ дауыссызы арқылы беріледі. Қате, құлық, қапа, қызмет, қасиет, қаржы, құпия, қасірет, қаражат тəрізді сөз- дер осылай жасалған. Бұл сөздердің қазіргі қазақ емлесінде х дыбы- сымен жазылған түрлері кездеспейді. Ал х дыбысы хат, хабар, хал (осы түбірден ахуал) сияқты сөздер мен бірқатар кісі аттарында сақта-
Орфография
лады. Дегенмен, «...х əрпінің қазақ сөздерінде жазылуына ұқыпты қа- рау керек. Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де бірсыпыра сөздерде х əрпі жазылып кетті... Ерекше есте болатын жағдай – кез келген сөзде х əрпін жазудан сақ болу керек. Бақыт, құр- мет, ақымақ, қатер тəрізді сөздерді бахыт, хұрмет, ахымақ, хатер түрінде жазу – қате».
Қазақ тілінде жоқ араб-парсылық дыбыс қазақша дыбысталуда бір- де мүлдем түсіп қалады, енді бірде артикуляциялық орны жағынан ұқ- сас қазақ тілінде бар дыбыспен ауыстырылады. Мысалы, ع(əйн) – қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне жат дыбыстардың бірі. «Қазақтар бұл дыбыс- ты сөз басында да, сөз ортасында да, сөз соңында да айтпайды, оны реті- не қарай қазақ тіліндегі басқа фонемалармен алмастырып отырады». Осының нəтижесінде фонетикалық варианттар пайда болады: тəлім – тағлым, мəлім – мағлұм, мəлімет – мағлұмат, тəжім – тағзым, ілім – ғылым, əлем – ғалам немесе лағынет – нəлет – лағнет, қадір – кəдір – қадыр, қаріп – кəріп – ғаріп т. б.
Д – т дыбыстарының алмасуы да жарыспалы сөздердің қатарын жасайды: балуан – палуан, дозақ – тозақ т. б.
Араб-парсылық сөздің ауызекі тіл бойынша қалыптасқан сыңары мен көне жазба тіл жазба нұсқаларында кездесетін (оларда араб-парсы сөздері түпнұсқа тілдің орфографиясына сəйкес немесе жақындатып жа- зылады) екінші сыңары да варианттылық құбылысын туғызады: əзиз – ғазиз – əзіз, зəр – заһар, үкім – хүкім, құрмет – хұрмет, əділет – ғаділет т.б.
Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің бірнеше тұлғаларда жұмса- луына көрші түркі халықтарының да əсері бар. Өзге түркі тілдеріне енген сөз сол тілдің дыбыстау заңдылықтарымен емлелік қағидаларына бейім- деліп барып қазақ тіліне ауысқанда, қазақ тілінде бұрыннан бар балама- сымен жарыспалы түрде жұмсалады.
Қазіргі жазу практикасында кездесетін варианттардың бір тобы қазіргі жазба тілде емлесі толық айқындалған араб-парсы сөзін қате жазудан да пайда болады: хикая – һікая, еш – һеш, лай – ылай, лаж – ылаж, лайық – ылайық т.б. Бұл қатарлардың соңғылары емлелік ағат- тықтар болып табылады.
Араб-парсылық сөздердің жазылуында кездесетін ауытқушылықтар- дың бірі кісі аттарының емлесіне байланысты. Осыған орай «Қазақ тіл орфграфиялық ережелерінің» өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа нұсқасында арнайы қағида берілді; онда «қазақтың төл сөздері мен араб-парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың алдынан не ортасынан ы, і əріптерінің бірі жазылады» деп көрсетілген. Осы ережеде қазіргі жазу
тəжірибесінде Смайыл, Сқақ, Рза, Слен, Смадияр тəрізді қате жазылып жүрген есімдердің Ысмайыл немесе Сымайыл, Сылан, Ысқақ, Ырза, Ысмадияр немесе Сымадияр түрінде дұрыс жазылуы берілген. Бұл ара- дағы заңдылық – қазақ тілі төл сөздерінің өзі екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, сондықтан да ауызекі тіл арқылы енген араб-парсылық сөздер эпентеза, протеза құбылыстарына міндетті түрде ұшырайды. Жəне бір жағдай – Смат, Сқақ, Смайыл, Смағұл түрінде жазылып жүр- ген кісі аттары араб-парсы тілдерінің өзінде с дыбысынан басталмайды. Ал жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктеріне орай бұндай кісі атта- рының əртүрлі айтылып жəне Сымайыл – Ысмайыл, Сымағұл – Ысмағұл, Сымадияр – Ысмадияр болып екі түрлі жазылуы емлелік қате болып есептелмейді.
Қазіргі қазақ əдеби тілі сөздік құрамындағы орыс тілінен жəне араб-парсы тілінен ауысқан сөздер – көлемді қабаттардың бірі. Бұл қабат- тар төл тілдің сөздік қорын байытуға, стильдік мүмкіншіліктердің көзін ашуға, синонимдік қатарлардың қызметін кеңейтуге елеулі үлес қосты. Əсіресе совет дəуірінде енген орыс тілі сөздері қазақ əдеби тілінің тер- минологиялық жүйесін қалыптастырып, дамытуға, стильдік тармақтары- ның саралануына үлкен əсер етіп отыр.
Бүгінгі қазақ жазу практикасы пайдаланып отырған орыс тілі сөз- дерінің емлесіне қатысты ережелер – белгілі бір ғылыми негіздерге, тіл дамуының көпжылдық тəжірибесіне, қазақ тілінің ішкі фонетика- лық-грамматикалық заңдылықтарына, сондай-ақ əдеби тілдің қоғам- дық-əлеуметтік функциясына, оның ауызша жəне жазбаша формалары- ның рөліне, екітілділік құбылысына сүйеніліп жасалған қағидалар. Орыс тілі сөздерін түпнұсқа тілдегі орфографиясы бойынша жазу – бір ғана қазақ тілі емес, түркі тілдерінің барлығына да ортақ сипат. Бұл ережеге бағынатын сөздер – қазақ əдеби тіліне жазба тілдің көмегі арқылы енген, қоғамдық-саяси жəне ғылыми-техникалық мазмұндағы термин сөздер мен терминдік сөз тіркестері. Бұл қабатты орыс орфографиясына сəйкес жазу ұлттық терминологияның жасалу жолдары мен əдістерін қалыпта- стыруға, орфографиялық нормаларды бір қалыпқа түсіруге жəрдемде- седі. Сонымен қатар, Көпшілікке ортақ интернационалдық сипаттағы терминдерді бірыңғай жазу мəселесіне де айрықша мəн беріліп келеді. Бұл мектептерде, оқу орындарында орыс тілін оқып үйрену, меңгеру жəне екітілділікті дамыту саясаты қоғамдық-саяси маңызды мақсаттарға да байланысты.
Ауызша айтылуы бойынша жазылатын орыс тілінен енген сөздердің емлесі де – айқындалған тұстардың бірі. Бірнеше вариантта жұмсалатын сөздердің əдеби үлгісі арнайы сөздіктерде ұсынылған. Сөздіктер, бұл ретте, үлкен көмек көрсете алатын құралдардың бірі. Сөйтіп, орыс тілін- дегі орфографиясы сақталып жазылуға тиісті сөздер тобын қазақ тілін-
Орфография
де айтылуы бойынша жазу қандай қате болса, ауызекі тіл арқылы еніп, дағды-дəстүр принципімен жазылуға тиісті лексикалық единицалардың, атаулардың түпнұсқа тілдегі фонетикалық-графикалық тұлғасын сақтап жазу да емле нормаларына кедергі келтіретін қате болып есептеледі. Бел- гілі бір стильдік қызмет үшін көркем əдебиет тілінде орыс тілі сөздері (терминдер, терминдік мəндегі атаулар) өзгертіліп, айтылуы бойынша жазылуы мүмкін, бірақ əдеби тілдің ресми ісқағаздары, ғылыми жəне қоғамдық-публицистикалық стильдерінде түпнұсқа тілдегі тұлғасын өз- гертпей жазу қатаң сақталуға тиіс.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің ішінде емлесі тұрақта- ла қоймаған тұстардың бірі – вариант сөздердің жазылуы. Түп төркіні араб-парсылық жарыспалы тұлғалардың əдеби нұсқасын, стильдік реңкі мен қызметін дəл ажырату үшін практикалық құралдардың мəні зор. «Қа- зақ тілінің орфографиялық сөздігі» пайдаланып отырған əдістер – əдеби норма деп танылатын екі сыңарын да «жəне» деген белгімен беру неме- се алфавит ретімен ұсыну, бір ғана сыңарының əдеби норма екендігін
«емес» сөзімен нақты көрсету (мысалы, хикая (һікая емес), зəрлі (заһар- лы емес), кəне (кəні, қані емес) – тілдегі басы артық жарыспалылықты тежеудегі тиімді жолдардың бірі. Қазақ тіліндегі фонетикалық, лексика- лық, əдеби-диалектілік сипаттардағы дублет сөздерді толық түзіп, оның ішінде міндетті түрде əдеби нормаға сай келетін түрлерін ажыратып көр- сететін «Вариант сөздердің сөздігін» жасау да – қажетті жұмыс. Вариант- тылықты реттеуде статистикалық тəсілдің де көмегі зор. Бір сыңарының екінші сыңарынан не стильдік, не синонимдік артық-кемі жоқ фонети- калық варианттарды реттеуде олардың қолданылу жиілігін есептеу əдісі тиімді нəтиже бере алады. Бұнда жарыспалы сөздердің қолданылу изо- глосы, əдеби тілдің стильдік өрістеріне таралу жиіліктері есепке алына- ды, бұның өзі əсіресе бірін əдеби, екіншісін бейəдеби деп бағалау қиынға түсетін ыждағат – іждағат, жəбір – зəбір, рақмет – рахмет, диқан – дихан, қаріп – ғаріп – кəріп, балуан – палуан тəрізді параллель сөздерді нақтылауға жəрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |