коттедж, коттеджге, коттеджі
бірақ: бридж, бриджіге, бриджісі т.б.
Соңы -аль, -оль дыбыстар тіркесіне аяқталатын сөздер де күнделікті жазу практикасында біркелкі берілмей келеді. Мұны төмендегідей салыс- тырулардан көруге болады,
Емле сөздіктерінде: Жазу тəжірибесінде:
медаль, медальға, медалы медаль, медальға // медальге, медалі мораль, моральға, моралы мораль, моральға, моралы // моралі магистраль, магистральға, магистраль, магистральға, магистралы магистралы // магистралі
педаль, педальға, педалы педаль, педальға, педалі жəне т.б.
Сондай-ақ жазу практикасында соңы -а дыбысына жəне -ий дыбыста- рына бітетін жəне басқа да бірқатар термин сөздердің емлесінде де вари- анттылықтар бар: аптека – аптек, анкета – анкет, диета – диет;сана- Орфография торийде–санаторийда,документті–документалды–документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді т.б. Бұнда, əри- не, ішінара орфографиялық қате жіберу, қажетті тұстарда емле сөздік- теріне сүйенбеу сияқты кінəраттар да бар. Бірақ көбінесе орыс тілінен енген сөздердің тұрақты қағидалардан өзгеше, бірде жуан, бірде жіңішке қосымшалармен түрленіп əртүрлі жазылуы сөздердің түпнұсқа тілдегі фонетикалық ерекшеліктері мен қабылдаушы қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарының айырмашылықтарына байланысты болатындығы байқалады. Өзге тілден ауысқан сөздердің емлесіндегі қиындықтар басқа түркі тілдерінің жазуында да кездеседі. Мысалы, Э. Ахунзянов татар ор- фографиясында орыс тілі сөздерінің жазылу емлесі əлі де бірізге түсе қоймағанын, осының нəтижесінде туатын ала-құлалықтар орыс тілін иге- руге де, ұлт тілінің емле нормасын жетілдіруге де кедергі келтіретін факт екендігін көрсетеді [67, 364 б.] Сондай-ақ əзербайжан жазуында бірқатар сөздер орыс орфографиясы бойынша графикалық-фонетикалық тұлға- сы сақталып жазылып, екінші бір тобы айтылуы бойынша таңбаланып, ал бұның өзі орфограммалық варианттар тудырып жүргендігі əзербай- жан тілі емлесіндегі елеулі кемшіліктер ретінде аталып жүр [68, 56 б.]. Сол себепті де бір тілден екінші тілге сөз ауысу процесіндегі объективті себептер мен заңдылықтарды саралап, түбір сөздердің жазылуындағы, олардың қабылдаушы тілдің қосымшаларымен түрленуіндегі ерекшелік- терді айқындап отыру – жазу мəдениетін көтеріп, ұлт тілдері орфогра- фиясын одан əрі жетілдіре түсудегі мəнді жұмыстардың бірі. Сонымен бірге қос тілді – орыс тілін жəне ұлт тілдерін – қатар меңгеру проблемасы жолға қойылып отырған қазіргі кезеңде бұл мəселенің маңызы айрықша зор.