Алғы сөз Уəли Нұргелді


Қысқарған сөздердің жазылуы



бет40/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Қысқарған сөздердің жазылуы


Күрделі атауларды ықшамдап қысқартып қолдану – тіл дамуындағы жаңа құбылыстардың бірі. Бірқатар зерттеулерде қысқарған сөздердің тілдің қазіргі қоғамдық-əлеуметтік қызметіндегі аса ыңғайлы, қажет- ті элементтер екендігі дəлелденіледі [74]. Шындығында да, коммуни- кативтік актіде сөздерді қысқартып қолдану амалының тиімді тұстары бар; негізінен ғылыми стильде, ресми-публицистикалық материалдар- да, газет-журналдар жəне радио-телевизия тілдерінде қолданылатын қысқарған сөздер айтар ойды нақты, тұжырымды етіп беруге, сонымен бірге орын, уақыт үнемдеуге де əсер етеді. Мысалы, «Қазақ Совет Энци- клопедиясының» 1-томын жасауда күрделі атауларды қысқартып жазу- дың көмегі арқылы 300 000 таңбадай орын үнемделіп, соның нəтиже-


Орфография
сінде том жаңа, үстеме мағлұматтармен байытылған; ал «Социалистік Қазақстан» гезетінің бір номерінде 9000 таңбадай орын үнемделген, бұл өзге материалдардың жариялануына мүмкіндік туғызған [75, 63 б.].
Қазақ тілінде күрделі атаулар төрт түрлі жолмен қысқаратындығы мəлім [76, 130 б.]. Жеке сөз, дара лексикалық единица болғандықтан, қысқарған сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрленуі бел- гілі бір қағидаларға сүйенілуге тиіс. Қазіргі қазақ жазуында бұл жайт нақтыланып, қалыптасып бір арнаға түсті: күрделі атаулардың бастапқы дыбыстарынан қысқарған сөздер бас əріппен, бірге жазылады (мыса- лы, КПСС, ВЛКСМ, ЭВМ); күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарының (жəне күрделі атаудың екінші сөзі толық алынған жағдайда да) ықшамдалуынан жасалған қысқарған сөздер біркелкі, кіші əріптермен бірге жазылады (мысалы, совхоз, пединститут, интербрига- да); оларға қазақ тілінің қосымшалары соңғы буынға үндесе жалғанады. Қазіргі жазу тəжірибесінде əріптік аббревиатуралардың қазақ тілі қосымшаларымен өзгеруінде орфографиялық ағаттықтар байқалады. Негізгі ережелерде сөздердің басқы дыбыстарынан алынған қысқарған сөздерге қосымшалар соңғы дыбыстың айтылу əуеніне қарай жалғанып, дефис арқылы жазылатындығы көрсетілген, бұл – қысқарған сөздердің айтылу, оқылу, жазылу заңдылықтары толық ескеріле отырып жасалған қағида. Бірақ жазба тіл үлгілерінде ҚазТАГ-тың ҚазТАГ-тің; ГДР-дегі – ГДР-дағы; Қырғыз ССР-інің – Қырғыз ССР-ының т.б. тəрізді əртүрлі ор- фограммалар беріліп жүр. Бұл жағдай негізінен қысқарған сөздердің ай-
тылу ерекшеліктерін ескермеуден туады.
Əріптік қысқарған сөздердің екі түрі бар: бірі – əріптердің аттары бойынша оқылатын аббревиатуралар, мысалы: СССР, айтылуы – эс-эс- эс-эр; БКП, айтылуы – бе-ка-пе; ЭВМ, айтылуы – Э-ве-эм т.б.; екіншісі – əріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздер, мысалы, ТАСС, айтылуы – тасс; ГРЭС, айтылуы – грэс т.б.
Əріптік аббревиатуралар қазақ тілі қосымшаларымен түрленгенде, осы ерекшеліктер ескерілуге тиіс. Яғни əріптердің аттары бойынша оқы- латын қысқарған сөздерге қосымша соңғы əріптің аты бойынша жалға- нады, мысалы, СССР-дің, өйткені айтылуы – эс-эс-эс-эр-дің; ЭВМ-ге, өйткені айтылуы – э-ве-эм-ге; ГДР-ге, өйткені айтылуы – ге-дэ-эр-ге. Ал əріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қо- сымша жуан, не жіңішке болып құрамындағы дауысты дыбысқа үндесе жалғанады: ТАСС-тың, СМУ-ға, СЭВ-ке, БАМ-ға, ВАСХНИЛ-ге, МА- ГАТЭ-ге (5-қосымша).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет