Қазақ тілінің өз табиғатына тəн күрделі жалқы есімдер мен күр- делі сөздердің жазылуы
Орыс тілінде қос сөз болып жазылатын қала, мекен, жер-су атаулары қазақ жазуында бірге жазылып, бас əріппен таңбаланады. Мысалы, орыс тілінде – Кзыл-Орда, Ыссык-Куль, Аулие-Ата, Бетпак-Дала, Байрам- Али: қазақ жазуында – Қызылорда, Ыстықкөл, Əулиеата, Бетпақдала, Байрамəлі. Ростов-на-Дону, Комсомольск-на-Амуре тəрізді қала аттары Дондағы Ростов, Амурдағы Комсомольск болып жазылады.
Мифологиялық ұғымдардың аттары, сондай-ақ ертегі-аңыздарда кез- десетін қиялдан туған жалқы атаулар, батырлық жырларда ұшырасатын малға қойылған аттар бас əріптен басталып жазылады: Зеңгібаба, Ой- сылқара, Шекшеката, Қамбарата; Бибіфатима; Таусоғар, Көлжұтар, Желаяқ, Тайбурыл, Шалқұйрық, Желмая, Керқұла.
Бірқатар тарихи тұлғалардың есімдері мен жырларда, аңыздарда, көр- кем əдеби шығармаларда кездесетін кейіпкерлердің аттары екі сөзден құралған күрделі болып келеді. Мысалы, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Баян сұлу, Қозы Көрпеш, Қыз Жібек, Қаңбақ шал, Сыпыра жырау, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қамбар батыр, Ер
Төстік, Ер Қосай, Кішкене Молда, Судыр Ахмет, Əз Жəнібек, Қаз дауыс- ты Қазыбек, Шық бермес Шығайбай, Алдар Көсе.
Егер нақты кісі есіміне тіркескен сөз айқындауыш болып, сол адам- ның өнерін, кескін-келбетін, мінез-құлқын даралап көрсету қызметін атқарса, онда мұндай сөздер кіші əріппен бөлек жазылады: Біржан сал, Ақан сері, Баян сұлу, Қамбар батыр, Сыпыра жырау, Жиренше шешен. Əдетте бұл айқындауыштар бірқатар адам аттарының алдында да айтыла береді: сал Біржан, сері Ақан, сұлу Баян.
Ал Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Қозы Көрпеш, Алдар Көсе, Судыр Ахмет тəрізді күрделі кісі есімдерінің бірі халық теліген қосымша аты болғандықтан, ол бөлек жəне бас əріппен жазылады; бұндай қосымша аттар өз алдына жеке де қолданыла береді: Жаяу Мұса – Жаяу, Балуан Шолақ – Шолақ, Судыр Ахмет – Судыр, Алдар Көсе – Алдар.
Ер, əз, ұлы сөздері мен қаз дауысты, шық бермес тіркестері адамдар- дың өзгеден дара жағымды-жағымсыз қасиетін айрықшалап, анықта- уыш қызметінде жұмсалады, əрі бұл сын есімдер адамдардың халық пен қоғам мүддесін атқарудағы орнына байланысты қойылған бағалауыш сөздер болып келеді де, нақты кісі есімінен ажырамай, бас əріппен бөлек жазылады: Ер Тарғын, Əз Жəнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Ұлы Петр, Шық бермес Шығайбай.
Ру, тайпа, ата аттары белгілі бір үлкен қауымның атауы ретінде жалпы мағынаға ие болып кеткендіктен (орыс, қазақ, башқұрт, татар деген ха- лық аттары тəрізді) кіші əріптен басталып жазылады: тобықты, арғын, найман, керей, уақ, шекті, жағалбайлы, ошақты, адай, беріш, жақай- ым, төртқара.
Достарыңызбен бөлісу: |