Алгебра пәнінен 7 сыныпқа арналған тесттер жинағы


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет3/12
Дата28.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#76930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8 сынып тест

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- әр түрлі тест есептерін шешуді ұғынады;
-есептеудің тиімді тәсілдерін;
-есептерді шешудің ұтымды жолдарын;
-формуларды пайдаланып есептерді шығаруды үйреніп шығуы керек.
Күтілетін нәтиже
1. Оқушы білімін бекітеді, жинақтайды. 2. Өзін-өзі дамытады және оның сапасын арттырады. 3.Оқушы өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алады. 4. Оқушы алған білімінің нақты өлшемін біледі. 5. Оқушының субьектілік әрекетін ұйымдастыру жүзеге асады. 6. Оқушыны терең білім алуға, іскерлікке баулиды. 7. Берілген тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіндік беріліп, математикамен жалпы мәдени құндылық ретінде танысып, математика қоршаған орта мен өзін-өзі танып білу құралы болатыны туралы түсініктері қалыптасады.
5
Рецензия.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Алгебра пәнінен


7 сыныпқа арналған тест жинағы» мемлекеттік бағдарлмаға сәйкес жазылған. Аталған жинақ 7 сынып оқу бағдарламасының негізгі ұғымдары, тақырыптарын, өткізілетін тараулар бойынша оқушылардың алған білімдерін практика жүзінде деңгейлерін анықтау мақсатында құрастырылған.
Алмаш Ержанқызы жинақ құрастыруда көп ізденген, тың мәліметтерді пайдаланған, ұсынылып отырған сабақтарда жаңа технология әдістерін жүйелі қолдануды жоспарлаған.
7 сыныптарға арналған математикаға тест бойынша дайындық математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген. Тест тапсырмалар нақты талаптарға сай, тест мазмұнының оқыту нәтижесіне сәйкес болуымен қатар, тексерілетін оқу материалы толықтай қамтылған. Бірмүше, көпмүшеге амалдар қолдану, қысқаша көбейту формулалары, рационал өрнектер тақырыптары қарастырылып,оқу пәнінің жұмыс бағдарлмасына және үш деңгейге байланысты құрылған.
Тест тапсырмаларының бірнеше түрлері оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді және оқушының әр бөлімді тиянақтап қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар тарауды қайталау барысында оқушылар материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін қолдануға болады. Тест жұмысының ғылымилығы құрастырушылардың көп іздегені, теориялық әдебиеттерге шолу жасап, тақырып бойынша терең жұмыстанғандығы байқалады.

А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің I санатты математика пәні мұғалімі А.С. Сейсенова

6

Тест дегеніміз не- «Тест» ағылшын сөзі, сынақ , байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж. Фишер 1854 жылы қолданған. Тест – оұушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тестінің артықшылығы оның обьективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тестің міндетті түрде бірнеше варианты болу керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті прттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкіндік емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде ғана емес, оқушылардың үйрету машықтандыру үшінде тиімді.


Тест тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар.

  • Тест тапсырмасының белгілі бір уақыттың болуы.

  • Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.

Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.

  1. Толықтыру тесті: Оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.

  2. Сәйкестендіру тесті: мағынасына бір –бірінен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылу. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болма, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.

  3. Жабық тесті: бір немесе бірнеше жауапты табу жабық түрдегі тестік тапсырма ұсынылған кезде сұрақтарға балама жауап автоматты кездейсоқтық орын ауыстыруы мүмкін. Егер сынаққа түсуге ұсынылған тапсырмаға жауап дайын болмаса, онда бұл тестік тапсырманы өткізіп жіберуі мүмкін, кейін бұл тапсырма қайталанып келеді.

  4. Ашық тест: Мәтіндік өрісте білім алушы еркін түрдегі мәтіндік жауап енгізу керек. Ашық түрдегі тапсырманың нұсқасын пайдалану, дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, білім деңгейі мен баға сапасын жоғарлатады.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет