«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ »КеАҚ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Саясат дегеніміз не ,ол қашан пайда болды ?
Тексерген: Жүнісбеков Естай
Орындаған:«6В01509 - Биология» білім беру бағдарламасының
1 курс студенті
Жақсыберген Қарақат
« Саясат деген не ,ол қашан пайда болды?»
Жоспар : I . Кіріспе 1.Саясаттану жайлы жалпы түсінік
II .Негізгі бөлім 2. Саясат дегеніміз не
3. Пайда болу тарихы
III . Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Саясаттану - сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен шыққан саясат туралы ғылым деген мағына береді . Саясат қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстар, мемлекет арасындағы қарым қатынас, барысындағы өз мүдделерін қорғауға іске асыруға саяси билікті жеңіп алуға сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекет жүйесі. Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген .Саясаттың өзекті мәселесі белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Саясат обьективті шындық .Өмірде материалдық заттар қаншалықты орын алса саясаттың да алатын өз орны бар .
Саясат – өркениетті адамзатпен бірге жасалып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі топтардың мүдделерінің өзара бәсекелесу, текетіресу, бірін-бірі сынау алаңы іспеттес. Саяси идеялар, көзқарастар мен бағдарламалар негізінде саясат әлеуметтік қауымдастықтың игілігіне айналады. Ал әртүрлі топтардың мүдделері, мақсаттары мен құндылықтары саналуан болғандықтан, саясат та түрлі бағыттар мен жолдардан тұрады. Саясатта адамдар мен олардың көзқарастары, ұстанымы, мүдделері шешуші рөл атқарғандықтан ол субъективті құбылыс. Саясаттың болуы қоғамда орын алып отырған объективті факторларға байланысты .
Саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында 3 кезең айқын байқалады:
Ерте кезең- (б.з.д.IX-VI ғғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда болуына сəйкес келді. Бұл кезеңде саяси көзқараста рационалау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады. Мемлекет, құқық мəселелеріне философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.
Екінші кезең- (б.з.д.V-IV ғ. бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель т.б.)
Үшінші кезең- (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен IIғ.) эллинизм кезеңі, грек мемлекетінің құлдырауы .
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде алатын орны ерекше болып табылады. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Өйткені саясаттың дұрыс бұрыстығы,адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялык яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, онын салдары бірнеше жылдарға созылатын қайгы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Саясаттанудың - өзекті мәселелері саяси мүдделердің ,саяси көзқарастардың және адамдар арасындағы саяси қатынастардың, обьективті заңдылықтарының пайда болуы және дамуы, саяси биліктің қалыптасуы және өзгеріп отыруы ,саяси қызметтің әралуандығы саяси процестер дамуы. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп білгісі келді. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни морфологиялық сарында болатын . Саясаттың түп тамыры терең сан қырлы қатпарлы күрделі құбылыс. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсында саясаттың кейбір нышандары ғана пайда болды .Бұл кезеңде адамдар арасындағы қарым қатынас негізінен қалыптасқан әдет ғұрып, салт дәстүр тұрғысынан реттеліп отырды. Кейіннен уақыт өте келе материалдық өндіріс күрделене түседі, қоғамның жіктелуі күшейеді, адамдар қоғамдағы орнына материалдық жағдайына, байланысты мақсат мүдделеріне қарай топтаса бастады .Саясат түрлі топтардың қоғамдық жағдайларынан туындайтын түпкілікті мүдделерін іске асыруға байланысты және оған билік тұтқасы тарапынан әсер етуді, кірісуді қажет ететін жерде, сол арқылы қоғам тұтастығын сақтау керектігіне орай өмірге келеді . Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.
Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді - адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен , екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін - жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.
Саясаттанудың тәрбиелік маңызы да үлкен. Тәрбиелік қызметі саяси ойлар мен мұраттарды, саяси нормалар мен дағдыларды, таратудан халықтың саяси мәдениетін қалыптастырудан айқын көрінеді .Біздің заманымыздан бұрын бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни мифологиялық танудың орнына философиялық этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер