Бұл кезеңде арифметикалық амалдың компоненті мен нәтижесінің санды өрнек түрінде болып келуіне байланысты теңдеулер құруға есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті теңдеу жәрдемімен шығарудың мүмкіндігі
Бұл кезеңде арифметикалық амалдың компоненті мен нәтижесінің санды өрнек түрінде болып келуіне байланысты теңдеулер құруға есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті теңдеу жәрдемімен шығарудың мүмкіндігі көрсетіледі.
Бұл кезеңде арифметикалық амалдың компоненті мен нәтижесінің санды өрнек түрінде болып келуіне байланысты теңдеулер құруға есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті теңдеу жәрдемімен шығарудың мүмкіндігі көрсетіледі.
1.643 пен белгісіз санның айырмасы 585 пен 5-тің бөліндісіне тең. (М-4, 88-89б.)
2.1200 бен ойлаған санның айырмасы 18 бен 6-ның көбейтіндісіне тең. Ойлаған санды тап. (М-4, 88-89б.)
Енді теңдеу құруға мүмкін болатын мәтінді құрама есептер қарастырылады. Оларды шығару барысында алгебралық тәсілді енгізу қажеттігін және оның мәнді ерекшелігі мен артықшылығын нақты көрсетіп беруге болады.
1) Бір ыдыста бірнеше литр сүт, ал екіншісінде 10 литр сүт болған еді. Бірінші ыдысқа тағы 2 л сүт құйғанда, ал екіншісінен 3л сүт құйып алғанда, екі ыдыстағы сүт мөлшері бірдей болады. Бастапқыда бірінші ыдыста қанша литр сүт болған?
Теңдеу құру: х+2=10-3
Теңдеу құру: х+2=10-3
Теңдеуді шешу: Х+2=7
х=7-2
х=5
Теңдеудің шешуін тексеру: 5+2=7; 10-3=7; 7=7.
Есептің жауабы: бастапқыда бірінші ыдыста 5л сүт болған еді.
Бірінші ыдыста бастапқыда х л сүт болсын делік, немесе бірінші ыдыста х л сүт бар еді, оған тағы 2 л сүт құйғанда х+2(л) сүт, ал екінші ыдыста 10-3(л) сүт болды.
Бастауыш мектепте математикалық білімдер жүйесін оқытуда теңдеудің орны ерекше.
Қорытынды
Қорыта келгенде айтарым , теңдеулерді шешу тәсілдерін қарастырылған ретпен үйрету және олардың көмегімен есеп шығаруды қарастыру бастауыш буын оқушыларының келесі сыныптар талабына сай дайындалуын қамтамасыз етеді. Өйткені, олар теңдеулерді шешуге дағдыланады және теңдеу құру арқылы есепті шығару тәсілдерінің мән-мағынасы, ерекшелігі жайында бастама түсінік алады. Соның нәтижесінде алгебра элементтерін оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, С.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, 2010.
К.С.Алиева, Е.И.Байдыбекова. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі. – Шымкент, 2014.
Бантова М.А. «Методика преподавания математика в начальных классах». – Москва, 1976.