«Бөлшек сандар» тақырыбындағы ең негізгі ұғым жай бөлшек болып табылады. Ол сипаттамалық түрде былай енгізіледі: теңдей етіп 4-ке бөлінген алманың суреті қарастырылады. Олардың біреуі бір тәрелкеге, ал қалған үшеуі басқа тәрелкеге салынады және былай дейді: «Бірінші тәрелкеде алманың төрттен бір бөлігі, ал екіншісінде алманың төрттен үш бөлігі жатыр». Мұны былай жазады: « алма, алма». Бұдан кейін мұндай және сандарының жай бөлшектер деп аталатыны хабарланады. бөлшегінде 3 саны бөлшектің алымы, ал 4 саны оның бөлімі деп аталады. Бөлшектің бөлімі заттың (нәрсенің) теңдей етіп қанша бөлікке бөлінгенін, ал алымы сондай бөліктен қаншасы алынғандығын көрсетеді. Алымын бөлшек сызығының үстіне, ал бөлімін оның астына жазады. Осындай түсіндірулер басқа да мысалдар арқылы қайталанады.
Алманың орнына теңдей етіп, төртке (сегізге, алтыға, он екіге) бөлінген дөңгелекті, (кесіндіні, тіктөртбұрышты, квадратты) алуға болады.
Бөлшек сандарды енгізу қажеттілігінің бір жолы ол шамаларды өлшеуге байланысты. Айталық, ұзындығы 1 см-ден кіші кесіндіні см-мен өлшеу қажет болсын. Оқушылар өлшеу кезінде кесіндінің ұзындығының 1 см-ден кіші екендігін байқайды. Мұнда милиметрді () пайдаланған тиімді. Айталық кесіндінің ұзындығы 9 мм-ге тең болсын. Бұл кесіндінің ұзындығының см екенін көрсетеді. Бұдан берілген кесіндінің ұзындығы сантиметрмен бөлшек сан арқылы өрнектеліп тұрғандығы көрінеді. Демек, кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін бөлшек сандар қажет екен.