жай бөлшектерімен алғашқы рет танысу бастауыш сыныпта натурал сандарды оқытумен параллель жүргізіледі. Оқушылар санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу есептерін шығара алады.
Бөлшектерді жүйелі түрде оқыту 5-сыныпта басталады. Алдымен жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану, одан соң ондық бөлшек тақырыбы оқып-үйретіледі. Ондық бөлшектер жай бөлшектермен салыстырғанда жаңа сандар емес. Олар оқушыларға бұрыннан таныс, бөлімдері 10,100,1000 және т.с.с. болып келген жай бөлшектердің өзгеше түрде жазылу көрінісі ғана. Математикалық есептеулер мен практикалық есеп-қисапта ондық бөлшектерді пайдаланған анағұрлым ыңғайлы. Жай бөлшектер практикалық есептеулерде ондық бөлшектерге қарағанда әлдеқайда аз қолданылады.
ЭЕМ ондық бөлшектермен ғана жұмыс істейді.
Осыған байланысты математиканы оқыту әдістемесінде жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді оқытудың тәртібі туралы мәселе туындайды. Осы мәселені шешудің мүмкін болатын тәсілдеріне тоқталып өтейік:
1) алдымен жай бөлшектер, одан кейін барып ондық бөлшектер оқытылады (дәстүрлі әдіс);
3) жай бөлшектер мен оңдық бөлшектерді оқыту аралас жүргізіледі.
Бөлшек сандарды оқыту
Жай бөлшектерді оқыту
Қазіргі мектеп бағдарламасы «Математика-5» сынып оқулығында алдымен жай бөлшектер, одан кейін процент пен пропорциялар, кейін ондық бөлшектер оқытылады.
Ал Н.Я.Виленкиннің «Математика-5» оқулығында алдымен жай бөлшектер ұғымы енгізіледі. Содан кейін бөлшектерді салыстыру, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту амалдары оқытылады. Бұдан кейін ондық бөлшектерге өту және оларға қолданылатын төрт амал қарастырылады. Ондық бөлшектерді оқыту 5-сыныпта басталып, сонда аяқталады. Бұдан кейін 6-сыныпта жай бөлшектерді оқуға қайта оралады: кез келген бөлшектерді салыстыру және оларға арифметикалық амалдар қолдану оқып үйретіледі. Ондық бөлшек ұғымына процент ұғымы қабаттасып оқытылады. Процент бөлімдері 100 болып келген ондық бөлшектердің жаңа формадағы жазылуы болып табылады: