Алгебралық теңдеулер жүйесі және оны шешу әдістері



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#129086
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-2. МОДА-1. Жай болшектер

 

Бөлшек сандарды оқыту

Жай бөлшек ұғымын енгізу

«Бөлшек сандар» тақырыбындағы ең негізгі ұғым жай бөлшек болып табылады. Ол сипаттамалық түрде былай енгізіледі: теңдей етіп 4-ке бөлінген алманың суреті қарастырылады. Олардың біреуі бір тәрелкеге, ал қалған үшеуі басқа тәрелкеге салынады және былай дейді: «Бірінші тәрелкеде алманың төрттен бір бөлігі, ал екіншісінде алманың төрттен үш бөлігі жатыр». Мұны былай жазады: « алма, алма». Бұдан кейін мұндай және сандарының жай бөлшектер деп аталатыны хабарланады. бөлшегінде 3 саны бөлшектің алымы, ал 4 саны оның бөлімі деп аталады. Бөлшектің бөлімі заттың (нәрсенің) теңдей етіп қанша бөлікке бөлінгенін, ал алымы сондай бөліктен қаншасы алынғандығын көрсетеді. Алымын бөлшек сызығының үстіне, ал бөлімін оның астына жазады. Осындай түсіндірулер басқа да мысалдар арқылы қайталанады.

Алманың орнына теңдей етіп, төртке (сегізге, алтыға, он екіге) бөлінген дөңгелекті, (кесіндіні, тіктөртбұрышты, квадратты) алуға болады.

 

Бөлшек сандарды оқыту

Осы баяндауға сәйкес жай бөлшектерді енгізудің әдістемелік схемасы мынадай болады:

1) қарастырылатын затты теңдей етіп бірнеше бөлікке, біздің жағдайымызда 4 бөлікке бөлу;

2) «төрттен бір», «төрттен үш» терминдерін хабарлау;

3) жазуларын енгізу;

4) «жай бөлшек», «бөлшектің алымы», «бөлшектің бөлімі» терминдері нені көрсететінін айту;

5) бөлшектің басқа мысалдарын келтіру, оларды оқу және жазу.

Бөлшек сандарды енгізу қажеттілігінің бір жолы ол шамаларды өлшеуге байланысты. Айталық, ұзындығы 1 см-ден кіші кесіндіні см-мен өлшеу қажет болсын. Оқушылар өлшеу кезінде кесіндінің ұзындығының 1 см-ден кіші екендігін байқайды. Мұнда милиметрді () пайдаланған тиімді. Айталық кесіндінің ұзындығы 9 мм-ге тең болсын. Бұл кесіндінің ұзындығының см екенін көрсетеді. Бұдан берілген кесіндінің ұзындығы сантиметрмен бөлшек сан арқылы өрнектеліп тұрғандығы көрінеді. Демек, кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін бөлшек сандар қажет екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет