Algorіthm, algorіsmus Әл-Хорезмидің


Алгоритмдер және  берілу тәсілдері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі66,26 Kb.
#12716
1   2   3   4   5
Алгоритмдер және  берілу тәсілдері

Алгоритмдер келесі үш түрде беріледі: қара сөзбен, графиктік және аналитикалық.

Жоғарыда келтірілген “Cтуденттің сабаққа келу” – бұл алгоритмнің бұл қара сөзбен берілуіне мысал бола алады.

Алгоритмді графиктік түрде құру үшін блок- схемаларды құрудың негізгі элементтері болып табылатын келесі түріндегі геометриялық кескіндер қолданылады:



-   алгоритмнің  басы және соңын білдіреді;

 

-   ерілген мәліметтерді енгізу және нәтижені шығару;



 

- меншіктеу немесе әрекетті орындау;

-    берілген шартты тексеру;

 

-     қайталану командасы.

  

Алгоритмдерді жобалауда қазіргі технологиялардың негізгі әдістері:

Құрылымдық жобалау әдісі. Кез келген алгоритм үш базалық  құрылым комбинацияларынан тұрады:

- сызықтық алгоритм;

- тармақталу алгоритмі;

- қайталану алгоритмі;



Сызықтық алгоритмдер дегеніміз – іс-әрекеттің қайталанбай бірінен соң бірінің тізбектеле орындалуы;

Тармақталу алгоритмі -  іс-әрекеттің орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді орындалады ал,  кейбір іс-әрекеттер өтіп кетуі де мүмкін;

Қайталану алгоритмі дегеніміз –бір немесе бірнеше іс-әрекеттің бірден көп рет орындалуын айтамыз.

Алгоритм жазбасының пішіні мынадай түрге енеді:

      Алг алгоритмнің аты (түрлері көрсетілген алгоритмдер және    нәтижелер тізімі)

           Басы түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі

                      Енгізу

                                Командалар сериясы

                      Шығару

           Соңы

      Айнымалы шамаларды жазу үшін алгоритмде шаманың атымен аталатын белгілеулерді пайдаланылады. Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін.

   Шамаларды түрлері бойынша сандық және мәтіндік деп бөлінеді.



Қарапайым алгоритмдермен жұмыс

Бұл тапсырмалар құрылымы циклдық болатын алгоритмдерді синтездеу және талдау есептерін қамтиды.

Алгоритмнің берілу тәсіліне (псевдокод, күрделі схема, қарапайым схема) қарамастан алгоритмді талдауды мақсатқа сай күрделі схема түрінде жүргізу керек, себебі онда орындалатын әрекеттер тізімі қамтылады және олардың орындалу тізбегі көрсетіледі. Талдаудың негізгі құралы ретінде мәндер кестесі қалады.

Тапсырма №1. Алгоритмнің келесі үзіндісінің нәтижесінде алынатын М айнымалысының мәнін анықтаңыз, егер де

   а) A=1, B=5, C=1;                    в) A=3, B=9, C=2;               д) A=5, B=2, C=-1;

   б) A=2, B=-6, C=-2;                 г) A=2, B=7, C=1;               е) A=6, B=12, C=3;

          .   .   .   .   .   .   .   .

Егер A≥B Онда

       X:=2;

Әйтпесе

       X:=3:

Соңы – Егер;

.   .   .   .   .   .   .   .



Тапсырма №2.  Массив элементтерінің қосындысын қамтамасыз ететін алгоритмді құрыңыз:                                                                              

                                                                               N



C=S Xi.

  i=1

Тапсырма №3. Төменде схемасы көрсетілген алгоритмнің орындалу нәтижесінде баспаға не шығатынын анықтаңыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет