Бекіту сұрақтары: Криптографиялық әдістердің жүзеге асуын қалай түсінесің?
Идентификация (теңестіру) мен аутентификация дегеніміз не?
Кіруді басқару деген не?
Хаттау және аудит деген не?
Дәріс 4. Симметриялық криптографиялық жүйесінің шифрлау тәсілдері
Мақсаты:Симметриялық криптографиялық жүйесінің шифрлау тәсілдерімен танысу.
Жоспар:
Блоктық шифрлар
Ағындық шифрлар
Құрама шифрлар.
Симметриялық криптографиялық жүйелер ақпаратты қорғау саласында классикалық жүйелер болып табылады. Мәліметті шифрлау және дешифрлау үшін бір құпия кілт қолданылады. Симметриялық криптографиялық жүйелерді шифрлау тәсілдерінің классификациясы1-суретінде ұсынылады.