Ағындық шифрлар. Егер блоктық шифрлау алгоритмдері мәтінді блоктарға бөліп оларды бір бірден ретімен шифрлайтын болса, ағынды шифрлау алгоритмі мәтінді бөліктемей әр элементін шифрлап ағынды күйде жіберіледі. Шифрлау және дешифрлау негізінен 2 модулі бойынша ашық және кездейсоқ кілт тізбегін қосу операциясын қолданады. Тарихи бірінші ағынды шифр Вернам шифры (6-суреті). Вернам шифрының ерекшелігі оның кілт тізбегінің шифрлауында. Бұл шифрдың практикалық қолданылуы өте ұзын кілт тізбектерінің жасалуына байланысты қолайсыз деп есептелінеді.
6-сурет. Вернам шифрының сүлбесі
Синхрондық шифр. Синхрондық шифрда кілт тізбегі ақпарат ағынына байланыссыз. Хабар алушы және хабар жіберуші жағында кілт тізбегі генераторының жұмысы синхрондалған болу керек. Әйтпесе бір бит мәліметтің жоғалып кетуі қалған символдардың қате дешифрлануына әкеледі.
Өзіндік синхронданатын шифр. Шифрдің бұл түрінде ашық мәтін символдары алдыңғы n символға байланысты шифрланады. Ол алдыңғы n символ кілт тізбегінің жасалуына қатысады. Синхрондау режимі әр n шифрмәтін символынан кейін автоматты түрде орындалады.