Процессордың істен шығуынан қорғау. Мұндай қорғау әдістерінің бірі – ерекше маңызды компьютерлік қосалқы жүйелерді сақтау. Мысалы, симметриалы мультипроцессрлеу. Жүйеде екіден артық процессор пайдаланылады және олардың бірі істен шыққан жағдайда екіншісі есептеуіш жүйені пайдаланушылар тіпті ештеңе байқамай қалатындай етіп жұмысты жалғастыра береді. Әрине мұндай қорғанысқа анағұрлым көбірек қаражат қажет болады.
Ақпарат сақтауға арналған құрылғыны істен шығудан қорғау.Мәліметтерді сақтап көшіру мен қайталаудың сенімді әрі тиімді жүйесін ұйымдастыру ақпараттардың сақталуын қамтамассыздандыру бойынша маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Бір – екі сервер орнатылған шағын жүйелерде серверлердің бос қабаттарына тікелей сақтап көшіру жүйелерін орнату жиі қолданылады. Бұл магнитті таспалардағы, әртүрлі қолданыстағы ықшам-дискісіндегі оптикалық дискілердегі т.б. жазбалар ұйымдастырылуы болуы мүмкін. Ірі бірлескен жүйелерде белгіленген бағытқа салынған мұрағаттандырылған серверді ұйымдастырған әлдеқайда жақсырақ. Мамандар өрт немесе зілзала апаты бола қалатындай жағдайды ескеріп анағұрлым құнды мәліметтер мұрағатының екінші даналарын басқа ғимаратта сақтауға кеңес береді. Мұндай істен шығу мен ақпараттардың жоғалып кетуі жұмыстың қолайсыз тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, кейбір жағдайларда айналы винчестерлер жүйесі қолданылады. Ақпараттардың сақтық көшірмесі нақты уақытта жасалады, яғни уақыттың кез келген сәтінде бір винчердің қатардан шығып қалған кезінде жүйе бірден басқасымен жұмыс істеуді бастайды. Сонымен бірге, мәліметтерді сақтық көшірудің аппаратты құралдарынан басқа мұрағаттандырудың таза бағдарламалық құралдары да бар.