Алгоритмдер жєне деректер структурасы


Электромагнитті сәулелену мәліметтерінің жойылуынан қорғау



бет69/93
Дата07.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#18238
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
Электромагнитті сәулелену мәліметтерінің жойылуынан қорғау. ДК тізбегі мен жалғағыш кабельдер бойынша электрлі сигналдардың жүруі қоршаған ортадағы жанама электромагнитті сәулеленудің туындауымен қабаттаса жүреді. Бақылаудағы территориядан шығып он, жүз, кейде мың метрге жанама электромагнитті сәулелену таралуы ақпараттардың жойылуына алдын ала жағдай жасайды, өйткені бақылаудың арнайы техникалық құралы көмегімен оны ұстап қалуы мүмкін. Жеке компьютерде байланыстың сымды желілерінен басқа сондай-ақ, электромагнитті сәулеленудің негізгі көздері мониторлар, принтерлер, магнитті дискідегі жинаушылар, сонымен қатар орталық процессор болып табылады. Зерттеу монитордың бейнесигналының сәулеленуі айтарлықтай күшті, кең жолақты екенін және метрлік және дециметрлік толқындар диапазонын қамтитындығын көрсетті. Қосалқы электромагнитті сәулелену деңгейін азайту үшін ақпараттарды қорғаудың арнайы құралдарын: экрандау, сүзу, жерге қосу, электромагнитті шулауды, сондай-ақ жағымсыз электромагнитті сәулелену деңгейін төмендету мен әртүрлі резистивті және сіңіруші ұйғарымды жүктемелер көмегімен нысаналау құралдарын қолданады.

ДК ақпараттарын қорғауды бақылауда арнайы жасалған тестік бағдарламалар, сондай-ақ басқа техникалық құралдармен бірігіп әртүрлі барлау құралдарына арналған жұмыстардың жасырын тәртібін қамтамассыздандыратын ДК жұмыстарын анықтайтын сәулелену деңгейін бақылаудың арнайы аппаратурасы пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет