2 Базалық фигуралар. Базалық фигуралар Құралдар жиынында орналасады. Құралды таңдау құралдар жиынынан белгілеу немесе тышқанның оң жағы→объектті жасау →құрал командасы арқылы орындалады.
Тіктөртбұрыш.Тіктөртбұрышты таңдап, бір төбесін тышқанды шертіп белгілеп жібермей диагональ арқылы қарама-қарсы төбесін көрсетіп тышқанды жібереміз. Тіктөртбұрыштың төбелерін дөңгелектеуге болады.
Үш нүктелі тіктөртбұрыш.Үш нүктелі тіктөртбұрыш салу үшін бірінші бір төбесінбелгілеп сол арқылы тіктөртбұрыштың бір қабырғасын саламыз, сосын тышқанды жібергеннен кейін биіктігін көрсету арқылы тіктөртбұрышты салуды бітіреміз.