1.2-сурет. «Таңдау» алгоритмі 1.3-сурет. «Аттап өту» алгоритмі
1-мысал. y функциясын төмендегі формула бойынша есептеп шығару керек.
|
x x,
|
x≥ 0
|
|
y
|
x 2 1,
|
x 0
|
|
|
|
|
Мұнда x айнымалысының таңбасына (оң, теріс) байланыс-ты не жоғары, не төменгі фор-муланы таңдап алып, сол ар-қылы у функциясының мəнін табамыз (1.4-сурет). 2-блоктың орындалу барысында х айныма-лысына белгілі бір мəн беріледі де, ол мəн енгізу операторлары арқылы программаға енгізілуі тиіс. Бұдан кейін енгізілген мəннің оң немесе теріс екендігі үшінші шартты тексеру блогы
1.4-сурет. Тармақталу алгоритмі арқылы айқындалады. Шарттың
“ақиқат” (иə) немесе “жалған” (жоқ) болуына байланысты 4- не 5-блоктардың бірі ғана орындалып, “таңдау” орындалады. 6-блок
айнымалысының жəне у функциясының сандық мəндерін экранға немесе қағазға басып шығарады.
Циклдік алгоритмдер. Математикада, экономикада көп-тегенесептердішығарукезеңіндебіртеңдеудіпайдаланып,ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сəттер де жиі кездеседі. Осындай қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін цикл деп атайды. Осы бірнеше рет қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пай-далану оларды кейіннен программаларда цикл операторы түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді. Циклдер қайталану санының алдын ала белгілі жəне белгісіз болуына байланысты екі топқа бөлінеді. Қайталану сандары алдын ала белгілі болып келетін циклдер тобы арифметикалық цикл болып есептеледі, ал орындалу саны белгісіз циклдер – қадамдық (итерациялық) цикл болып аталады.
Практикада белгілі бір айнымалының сандық мəніне байланысты орындалатын арифметикалық циклдер жиі кездеседі. Мұнда арифметикалық прогрессияға ұқсас болып келетін циклдер ең қарапайым арифметикалық цикл болып табылады. Оны басқару қайталану кезеңінде прогрессияның заңына сəйкес тұрақты ша-маға өзгеріп отыратын цикл параметрінің сандық мəнімен байла-нысты болуы тиіс.
Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументі – па-раметрі алғашқы мəнге ие болуы керек, сонан кейін қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере от-ырып, ол алдын ала берілген ең соңғы мəнге дейін жетуі қажет.
Алгоритмнің орындалу барысында цикл параметрі, мысалы,
өзінің ең алғашқы х0 мəнінен ең соңғы хk мəніне дейін тұрақты шамаға (dx) өзгеріп отырады. Осының нəтижесінде х мына-дай мəндерді қабылдайды: x0, x0+dx, x0+2dx, ..., x0+(n-1)dx, xk, мұндағы n – циклдің қайталану саны, ол былай анықталады:
n= xk -x0 +1,
dx
Достарыңызбен бөлісу: |