параметрінің алғашқы мəні мен қадамы ғана белгілі. Сонымен қатар Z функциясының 0.0001-ден артық болуы циклді қайталау шарты болып есептеледі (Z > 0.001). 1.7-суретте осы есептің алгоритм схемасы көрсетілген.
Тапсырмалар
Өздеріңізге белгілі алгоритмдерден бірнеше мысал келтіріңдер.
Екі нақты оң сандар берілген. Осы сандардың қосындысын, айыр-масын, арифметикалық ортасын жəне көбейтіндісін табатын алгоритм құрыңыз.
Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Үшбұрыштың ги-потенузасы мен ауданын табатын алгоритм құру керек.
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептейтін алгоритм құрастыру қажет.