Оның жазба үстелі әрқашан қағаздарға толы. Оның үстіне олардың қайсысы маңызды, қайсысы тез орындауды қажет ете- тіні, қайсысы керек емес екені мүлдем түсініксіз.
Түнде де жұмыс істейді.
Оқылмаған қағаздар салынған папкасын немесе сөмкесін ылғи ұстап жүреді (үйден жұмысқа және керісінше).
Ешқашан ешнәрсені аяғына дейін шешпейді, шешілмеген сұрақтардың ауыртпалығы оның иығына түседі, психикасына қысым жасайды.
Бағынушыларын тегімен атайды. «Жақсы жігіт» атағын алуға тырысады.
Кез келген екі жақты келісімге дайын және сонымен қа- тар «кемсіту нысанын» іздейді.
Менеджерлердің сегіз типтік қателіктері (Э.Шварц пен А.Маккензи тұжырымдамасы бойынша)
Менеджерлер маңызды істерге емес, асығыс істерге көңіл аударуға бейім. Сондықтан олар болашаққа кедергі туғыза оты- рып, күтпеген қиыншылықтарға тап болады.
Менеджерлер кешіккендерді күтіп және жиналысты бас- тамай, уақытында келгендерді жазалайды және кешіккендер- ді көтермелейді. Бүгін уақытында келгендер ертең кешігіп, кешіккендер ертең одан да көп кешігетіні жоққа шығарыл- майды...
Менеджерлер әріптестермен қарым-қатынасты жақсарту мақсатында кабинет есігін ашық қалдырып, қалыптасқан жағдай бойынша, кері нәтиже алады. Олардың маңызды міндеттерді шешуіне жиі кедергі болады, алаңдатады.
Көбінесе менеджерлер өздерінің іс-әрекетін жоспарла- майды, өйткені олардың бұған уақыты жоқ. Олар тиімді жос- парлау жақсы нәтиже алуға мүмкіндік бере отырып, уақытты үнемдейтінін білмейдә
Менеджерлер өздерінің өкілеттілігі мен жауапкершілігін тәжірибесіз бағынушыларға қайта сеніп тапсыруға икемсіз. Бірақ бағынушылар тек қана тәжірибе жинаған соң басшының сеніміне лайық бола алады, ал бұл жауапкершілікті тапсырма- лары өз бетінше орындағанда ғана мүмкін.
Менеджерлер өздерінің қағаздарын ұмытып кетпес үшін өздерінің столдарына қалдырады. Содан соң қағаздар не жоға- лады, не көңілден таса болады және сол уақытта істелуі керек жұмысқа кедергі болады.
Менеджер жұмыста неғұрлым көп кідірсе, ол соғұрлым көп шаршайды және тағы істелуі керек жұмыстар соғұрлым көбейеді. Нәтижесінде одан ұзақ кідіруге тура келеді.
Менеджелер әдетте тиімділік пен жылдамдықты аралас- тырады. Оларды жұмыстың дұрыс орындалуы дұрыс жұмысты орындауға қарағанда көбірек алаңдатады.