Алық орталығы ерте жастағы балалардың психологиялық- Әлеуметтік дамуының МӘселелерін кешенді тҥрде бағалау жҥйесі әдістемелік ҧсынымдар Алматы, 2016 2


 Ерте жастағы балалардың психологиялық-әлеуметтік дамуының



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата07.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#80392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
МКФ каз

1. Ерте жастағы балалардың психологиялық-әлеуметтік дамуының 
мәселелерін кешенді түрде бағалаудың әдістемелік негіздері 
1.1. Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсетудің 
заманауи көзқарастары 
Дене және психикалық бҧзылыстары бар ересек балаларға (білім алуда 
ерекше қажеттіліктері бар, мҥгедектігі бар) қолдау кӛрсету оларға деген 
қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынасына байланысты анықталады.
Адамзат баласының тарихында дамуында бҧзылыстары бар адамдарға деген 
кӛзқарас тҥрлі кезеңдерден ӛтті: агрессия және тӛзбеушіліктен бастап,
әлеуметтік-қоғамдық ӛмірдің тҥрлі салаларына кірігуге дейін [2]. Қазіргі 
кезде дҥниежҥзінде «адамдарды дене немесе психикалық бҧзылыстары 
бойынша сегрегацияға алып келетін «толыққанды кӛпшілік» – «толыққанды 
емес азшылық» атты қоғамдық және мемлекеттік сана-сезімнің ескірген 
парадигмасына «тҥрлі мәселелері бар адамдардың басын қҧрайтын біріккен 
қауымдастық» атты жаңасы келуде [2]. Дҥниежҥзінің кӛптеген елдерінде 
мемлекет пен қоғамның мҥгедектігі бар тҧлғаларға деген қарым-қатынасы 
олардың әлеуметтік тҧрғыдан оңалту концепциясына (моделіне) негізделген.
Мҥгедектік мәселесін жазылмайтын аурулар және бҧзылыстармен 
байланыстырған және кӛмектің кӛлемі қойылған диагноздың аумағында 
шектелген (жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тӛлеу, арнайы мекемелерге 
жолдау т.с.с.) медициналық (биологиялық) модельге қарағанда әлеуметтік 
модель бҧзылыстардың нәтижесінде адам басындағы мәселелерді атап ӛтуге 
негізделмеген, ең алдымен қоғамда қалыптасқан жағдайлармен байланысты 
мҥгедектігі бар тҧлғада туындайтын қиындықтар мен шектеулерді анықтауға 
негізделген. «Нақты айтқанда қоғамның ӛзі бҧзылыстары бар адамға 
толыққанды ӛмір сҥруге кедергілер туындатады. Осындай анықтама 
мҥгедектіктен әлеуметтік оңалту концепциясының негізіне енді» [3]. 
Әлеуметтік модель мҥгедектігі бар тҧлғаларды ӛздігінен әрекет ету, 
тәуелсіз болу және әлеуметтік-қоғамдық ӛміріне белсенді тҥрде қатысуды 
қамтамасыз етуге негізделген. Тәуелсіз ӛмір сҥру дегеніміз – тек қана 



материалды тҥрде тәуелсіздік емес, қимылдау, қарым-қатынас жасау
тҧрмыста, кҥнделікті және әлеуметтік ӛмірде біреуге тәуелді болмау, демек, 
толыққанды тәуелсіз болу [4].
Сонымен, әлеуметтік модель негізіне қоғамның барлық мҥшелерінің 
тең қҧқықтары мен тең мҥмкіндіктері және белгілі бір дене мҥшелерінің 
қызметтері бҧзылған адамдардың ӛмірін концепциясы жатады. Ӛмірді 
қалпына келтіру дегеніміз – бҧзылыстары бар адам қалыпты жағдайға келеді, 
бҧзылыстарынан арылады деген емес, бҧл атау адамның ӛмірі қалыпты 
жағдайда, қоғамның басқа мҥшелеріндегідей болады дегенді білдіреді. 
Адамдардың ӛмір сапасы бҧзылыстармен анықталмайды, олардың басқа да 
адамдар сияқты толыққанды ӛмір сҥруіне бӛгет жасайтын жағдаяттармен 
белгіленеді [3].
Қазақстан Республикасы ӛткен ғасырдың 90-жылдары мҥгедектігі бар 
тҧлғалардың қҧқықтарына қатысты БҦҦ-ның кӛптеген Конвенциялары және 
басқа да қҧжаттарын ратифицикациялап, адам туа салысымен бҥкіл ӛмірі 
бойында қолдау кӛрсетуге бағыттылған әлеуметтік модельді дамытуға 
бағытталып, осындай тҧлғаларға мемлекет тарапынан қарым-қатынасты 
ӛзгертуді жариялады [4-7].
Тҥрлі бҧзылыстары бар балаларды әлеуметтік тҧрғыдан оңалту 
жҥйесінің маңызды әрі шешуші бағыты ретінде ерте жастан психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік кӛмекті атқаруды белгіледі. Кӛптеген 
зерттеулер баланың дамуындағы бҧзылыстарға қатысты ерте жастан кірігу 
бҧзылыстары не мҥгедектігі бар балаларды әлеуметтік және психологиялық-
педагогикалық тҧрғыдан оңалтудың ең тиімді және болашағы мол шешім 
екендігін дәлелдеді [8-10].
Қазіргі кезде әлемнің кӛптеген елдері баланың абилитациясы неғҧрлым 
ерте басталса, оның нәтижелері тиімді болады деген тҧжырымға негізделіп,
баланың ауытқып бара жатқан дамуын ерте жастан анықтап, оған кірігу 
бағдарламаларына басымдық беруде. Денсаулық сақтау, білім беру және 
әлеуметтік қорғау салаларындағы ерте жастан кірігудің қолданыста бар 



жҥйелері кӛптеген елдерде (АҚШ, Дания, Швеция, Ҧлыбритания т.б.) жҥзеге 
асуда. Әдетте осы жҥйелер қолдау кӛрсетудің тӛмендегідей ҥш деңгейін 
қамтуда: 1) дамуындағы ауытқулардың қауіп-қатерін скринингілеу 
(анықтау); 2) пәнаралық тереңдетілген диагностика; 3) уақытылы даму 
кӛмегін атқару [10-12].
Қазақстанда скрининг, диагностика, медициналық-педагогикалық және 
әлеуметтік кӛмекті қамтитын қолдаудың ҥш деңгейлі жҥйесі бар. Алайда 
дамуында бҧзылыстары бар балаларды абилитациялау медициналық 
қызметтердің басымдылығы және психологиялық-педагогикалық және 
әлеуметтік кӛмектің баяу тҥрде дамуымен сипатталады [13]. Соңғы жылдары 
ерте жастағы балаларға психологиялық-педагогикалық кӛмек кеңінен білім 
беру саласында атқарылуда: психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияларда, оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық 
тҥзету кабинеттерінде. Дегенмен бҥгінгі кҥні Қазақстанда білім беру, 
денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында ерте жастан кірігу 
бойынша арнайы қызметтер әлі де жоқ.
Әртҥрлі елдерде мҥмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты ерте 
жастан кірігу жҥйесі қолдау кӛрсетудің әлеуметтік моделін белсенді тҥрде 
ендіру негізінде жҥзеге асырылады. Ерте жастан кірігудің әдістемелік базасы 
ретінде нәрсетелер мен ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін 
ғылыми тҧрғыдан зерттеу танылды [14-22]. Осындай зерттеулердің 
жалпылама нәтижелері ретінде тӛмендегілер болды:
1) Психикалық қызметтің генетикалық негіздемесі бар туа біткен
механизмдерінің болуы. Заманауи зерттеулер балада туа сала оның 
айналадағы ортамен ӛзара қатынасын қамтамасыз етіп, оның ӛмірде маңызды 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын 
психикалық 
қызметтің 
дайын
механизмдері болатынын дәлелдеді. Жаңа туған балалар қоршаған ортадағы 
кӛптеген нәрселерді қабылдап, оларды дҧрыс талдай алу қабілеттеріне ие 
болады [3,14-16].


10 
2) Нәрестенің психикалық дамуы оның қарым-қатынас сипаты және 
жақын адамдарымен ӛзара әлеуметтік байланысымен анықталады. Туа 
салғанда балада ересек адаммен ӛзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін 
психикалық қызметтік туа біткен механизмдері белсенді болады. Жаңа туған 
нәрестелер барлық тітіркендіргіштер арасында тӛмендегідей адамның әсерін 
анықтап, оларға ерекше назар аударады: оның дауысы, бет әлпеті, денесіне 
әсер етіп қол тигізуі. Туа біткен механизмдер баланың қоршаған ортамен 
ӛзара қатынасын белсендіріп, қамтамасыз етеді, ал психикалық дамудың ӛзі 
әсіресе жақын адамымен және осы ортамен қарым-қатынас барысында 
болады. Қарым-қатынас баланың нәтижелі дамуының негізгі факторларының 
бірі ретінде қарастырылады: нәрестелер туған сәттен бастап жақын 
адамдарымен қарым-қатынас пен ӛзара әсер етуге бағытталып, осындай 
қатынас барысында дамып, қарым-қатынас ҥдерісіне белсенді тҥрде 
қатысады [3, 17-19]. 
Баланың психикалық дамуы ӛзара қарым-қатынасты орнату және 
баланың ерекшелігіне сай бейімдеуді игерген нәрестенің анасының 
баласымен эмоционалды тҧрғыдан жағымды қатынасы мен ӛзара әсерінің 
нәтижесі ретінде белгіленеді. Ана мен баланың әлеуметтік тҧрғыдан мінез-
қҧлығының кӛптеген параметрлерін зерттеу ананың әрекеттері мен баланың 
дамуы арасындағы себеп-салдар байланысын кӛрсетті. Ананың қатынасы –
баланың эмоционалды тҧрғыдан жайлылығының кепілі, ол қалыпты 
жағдайда психикалық дамудың негізі болып табылатыны анықталды. 
Нәрестелердің оқиғаларды бағалау және тҥсінуіне ата-аналарының 
эмоционалды тҧрғыдан реакцияларын қолдану қабілеті оны когнитивті, 
сӛйлеу тілі және әлеуметтік дағдыларына ҥйретудің негізі болып табылады 
[20, 21].
Дамуында мҥмкін болатын ауытқулар қатері бар балалардың дамуына 
бір нәрсеге бейімделу сипаты мен сапасының әсері туралы сҧрақ бӛлек 
қарастырылады. Қатер тобындағы сәбилердің ерте жастан ӛзара әсер етудің 
шектеулілігі, ата-аналарының олардың баяу белгілері мен тежелуіне 


11 
сезімталдығының болмауы немесе ата-аналардың жауап берудегі мінез-
қҧлығының ӛзгерістері, одан кейін ӛзара байланыстың жеткіліксіз болуы 
сенімсіз ӛзара тартылу, айналадағыларды қауіпсіз емес тҥрдегі зерттеу 
тәжірибесін қалыптастырып, дамудың барлық салаларының жеткіліксіз 
болуына алып келеді [ 3,22].
3) 
Баланың 
ӛздігінен 
белсенділігі, 
мҥдделері 
және 
айналасындағыларды зерттеуге талпынысы оның психикалық дамуын 
белгілейді. Қазіргі заманғы зерттеулер нәрестелердің сыртқы әлеммен ӛзара 
байланысы ҥдерісінде бар сәбилердің танымпаздығы және зерттеушілік 
белсенділігінде байқалатын «әрекеттің әсерінен уәждену» феномені сияқты 
ерекшелікті анықтайды. Бҧл жайт Л.С. Выготскийдің баланың дамуы 
концепциясының танымал мәдени-тарихи ережелерін растайды, ол баланың 
әлеуметтік тәжірибесінің енжар емес, белсенді тҥрде болуын білдіреді; бала 
сыртқы әлеммен ӛзара байланыста ӛз мақсаттарына ие, ол жай ғана енжар 
білім алушы объекті болмайды [3,22,25].
Егер ӛзінің белсенділігі және қарым-қатынас пен зерттеуге ҧмтылысы 
тӛмен немесе бҧзылған болса, ондай жағдай біраз облыстардағы белгілі бір 
мәселелер мен дамуда тежелістерге алып келеді. Бала ересектер оны 
мәжбҥрлеп, кҥштеп жасатқаннан гӛрі ӛзінің мҥдделері, қажеттіліктері және 
жеке таңдауымен уәжденетін болса, тҥрлі дағдыларды (моторлы, сӛйлеу 
тілдік, когнитивті, әлеуметтік) тез әрі жақсы меңгереді [14-16].
4) Баланың психикалық дамуы жеке ерекшеліктерімен анықталады. 
Психикалық дамудың тҥрлі теорияларында қалыпты жағдайда даму бірдей 
тҥрдегі даму жолы ретінде анықталса, ал қалыпты тҥрде емес даму ӛзінің 
қарқыны және сапасы тҧрғысынан ӛзгешеліктерімен ерекшеленеді. 
Дегенмен, қазіргі заманғы зерттеулерде қалыпты жағдайдағы балалардың 
ӛзінде даму жолдары, белгілі бір дағдыларының қалыптасу уақыты мен 
реттілігі әжептәуір ерекшеленуі мҥмкін екендігі анықталған. Сонымен, 
сӛйлеу тілінің қалыптасып, пайда болуы бір жаста да, ҥш жаста да қалыпты 
деп есептелуі мҥмкін; балалар тҥрлі модальділіктегі ақпаратты қабылдау 


12 
және талдау стратегияларында жеке дара, бҧл жағдай бір дағдылардың басым 
тҥрде дамуына әкелсе, келесілерінің кешеуілдеуін беруі мҥмкін. Осындай 
феномендердің барлығы мамандарды «қалыпты» және «қалыпты емес» даму 
туралы айтуға мәжбҥрлейді. «Қалыпты емес» деген анықтама «табысты 
емес» дегенді білдірмейді [30].
Жеке ерекшеліктер мҥмкіндіктері шектеулі балаларға тән. Қазіргі 
заманғы зерттеулерге сәйкес Даун синдромы бар балалар дамуында 
тежелістің тҥрлі деңгейлерінде болуы мҥмкін: жеңіл деңгейден орташасына 
дейін. Балалардың кӛпшілігі кӛзбен қарап, қабылдауда озық және 
кӛрнекіліктер арқылы оқуға бейім, кӛру арқылы жақсы қабылдап, белгілер, 
ым-ишара мен кӛрнекі қҧралдарды қолдануда жақсы қабілеттерге ие [23,24].
Балаға қолдау кӛрсетудің әлеуметтік моделіне бағытталған соңғы 
зерттеулер мен тҥрлі елдерде 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға кӛмек атқару 
тәжірибесіне негізделген баланың дамуы туралы жалпыға танымал теориялар 
және баланың дамуы туралы қазіргі заманғы кӛзқарастар [14-22, 25-28] ерте 
жастан кірігудің негізгі принциптерін анықтауға мҥмкіндік берді [29,30]:
 баланың отбасында ӛмір сҥруі. Отбасында ғана ҥнемі болатын 
эмоционалды қарым-қатынассыз баланың толыққанды дамуы мҥмкін емес;
 дер кезінде кӛмек беруді кӛздейтін және бҧдан да қанық 
бҧзылыстардың алдын алатын болжамды тҥрдегі бҧзылыстарды ертеден 
анықтау;
 бҧзылыстардың диагностикасын жҥзеге асыратын және нақты бала 
мен отбасының қажеттіліктері және мҥмкіндіктеріне бағытталған дамудың 
жеке бағдарламаларын дайындайтын мамандардың пәнаралық командасы;
 сҧраныс пен баланың дамуын бағалаудан бастап, даму 
бағдарламасын жасау, оны жҥзеге асыру мен тиімділігін бағалау және оған 
ӛзгерістер енгізуге дейін ерте кірігудің барлық кезеңдерінде ата-аналардың 
белсенді тҥрде қатысуын кӛздейтін отбасыға бағытталған кӛзқарас. Егер бала 
анасынан оқшауланып зерттелетін болса, ерте жастағы баланың психикалық 
дамуы ерекшеліктерін зерделеу дҧрыс емес деп есептеледі; ерте жастан кірігу 


13 
тек қана балаға бағытталмай, бала мен ананың арасындағы ӛзара әсеріне 
негізделеді;
 бала мен отбасының басым жақтарына негізделу. Даму 
бағдарламаларын бағалау және жҥргізу кезінде негізгі акцент бала мен 
отбасының шектеулері емес, керісінше, олардың мҥмкіндіктері мен 
ресурстарын анықтауға қойылады;
 даму бағдарламасының коммуникативтік және әлеуметтік 
бағыттылығы. Баланың дамуы отбасы мен жақын арадағы әлеуметтік 
ортасында қарым-қатынасы және белсенділіктің қарапайым тҥрлері арқылы 
болуы керек; бала мен отбасының ӛмірінің қалыпты жағдайға тҥсуі дамуында 
бҧзылыстары бар баланың отбасының басқа да отбасылардың ӛміріне 
барынша жақындауын білдіреді: оларға кҥнделікті ӛмірге араласу, әлеуметтік 
белсенділіктің әр тҥріне қатысу және қоғамға кірігу жатады.
Ерте жастан кірігудің жоғарыда аталған принциптері ерте жастағы 
балалардың басындағы мәселелер мен бҧзылыстарды диагностикалауды 
жҥргізудің қазіргі заманғы кӛзқарастарының мазмҧнын ӛзгертуге 
ықпалдасты.
Ерте жастағы бҧзылыстарды медициналық және психологиялық-
педагогикалық тҧрғыдан диагностикалау бҧрынырақта жасалып, шетелдік 
және отандық тҥрлі зерттеулер, практикалық нҧсқаулықтар мен қҧралдарда 
нақты баяндалғанын атап ӛткен жӛн [31-40]. Нәрестелік және ерте жастағы 
балалардың психикалық дамуындағы ауытқуларды диагностикалаудың ҥш 
бағытын белгілеуге болады.
Бірінші 
бағыт 
психикалық 
дамудың 
биологиялық 
және 
рефлексологиялық кӛзқарастарын қолдайтын клиницистер, физиологтардың 
зерттеулерінде берілген. Бҧнда жҥйке-психикалық дамуды диагностикалау 
белгілі бір биологиялық жаста жҥйке-психикалық реакциялардың пайда болу 
мерзімдерін 
белгілеу 
негізінде 
жҥзеге 
асырылады. 
Осындай 
диагностикалаудың әдістері Қазақстан мен ТМД-ның басқа елдерінде де 
медициналық мекемелерде қолданылады [31-33].


14 
Диагностиканың екінші бағыты ретінде мынадай шкалалардың 
негізінде қҧрылған стандартталған тестілер: Н.Бейли (Bayley Scales of Infant 
Development), Т. Бразелтон (Т. Brazelton. Neonatal Behavioral Assesment 
Scale), Денвер шкаласы, практикалық зердені ӛлшейтін Лейтер шкаласы, 
ГНОМ тесті (сәби мен нәрестені жҥйке-психикалық тҧрғыдан зерттеу 
кестесі) т.б. [34-37]. Шкалалар бойынша психикалық дамуды бағалау дені сау 
балаларға тән нормативтерге қатысты белгілі бір реакциялардың қалыптасу 
мерзімдерін салыстыруға негізделген. Психометриялық тестілер негізінен
Еуропа және АҚШ елдерінде қолданылады, бірақ бҥкіл дҥние жҥзі бойынша
таралған.
Л.С. 
Выготскийдің 
мәдени-тарихи 
концепциясы 
аумағында 
дайындалған ҥшінші бағыт даму диагностикасын баланың дамуындағы әр 
кезеңді сипаттап, оның қоршаған ортамен ӛзара байланыс сипатын анықтап, 
ары қарай дамуына негіздеме беретін психикалық қҧрылымдардың кешенін 
сапалы тҥрде бағалау ретінде тҥсінеді. Сапалы тҥрдегі диагностикалау 
дамудың ӛзекті деңгейін және жақын арадағы даму аймағын (әлі де 
қалыптаспаған, бірақ психикалық жаңа қҧрылымдардың қалыптасу кезеңінде 
болып отырған) анықтауға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық 
диагностиканың бҧндай бағытын бҧрынғы Кеңес одағының кӛптеген 
елдерінің, соның ішінде Қазақстанның психологтары, дефектологтары 
ҧстанады [38-40].
Психикалық дамуды диагностикалаудың әр бағыты жалпыға мәлім 
қасиеттер, басымдықтар мен шектеулерге ие, барлығына ортақ белгі ретінде 
кешеуілдеулер мен бҧзылыстарды анықтауға негізделу болып табылады, ал 
диагностикалаудың мазмҧны негізінен баланың ауытқуларын сипаттауға 
бағытталған. Іс жҥзінде осындай диагностикалық парадигма психикалық 
дамудың бҧзылыстарына медициналық және психологиялық-педагогикалық 
аңғарымдар қою тҥрінде жҥзеге асырылады.
Ерте жастан кірігудің қазіргі заманғы кӛзқарастары тҧрғысынан 
осындай 
диагностикалық 
модель 
(биологиялық, 
медициналық, 


15 
дефектологиялық) 
бҧзылыстарды 
сипаттауға 
бағытталған 
(әдетте 
медициналық мәселелермен байланыстырылады: бас миы қҧрылымдарының 
зақымдалуы т.с.с.) әрі қажетті болып саналады, дегенмен ерте жастағы 
балаларға кӛмек кӛрсету шаралары мен жолдарын анықтауда жеткіліксіз 
және тиімділігі аз болып есептеледі. Аңғарымды қоюға ғана бағытталған 
диагностика балаға қолдау кӛрсетудің мазмҧнын кеңейтпейді, себебі
тӛмендегідей принциптер бойынша тек қана осы бҧзылыстарды тҥзетумен 
ғана шектеледі: бала «қалыпты, басқалар сияқты юолуы керек». «Егер ең 
негізгі міндет ретінде бҧзылысты тҥзету болса, онда соған сәйкес ата-аналар 
немесе олардың орнындағы тҧлғалардың қолдау кӛрсету бағдарламаларына 
қатысуы мәнсіз болып қалады. Олар бҧзылыстарды кәсіби тҥрде бағалай 
алмайды, соған сәйкес оларды тҥзете алмайды, олар тек қана мамандардың 
нҧсқаулықтарын орындай алады. Ал баланың пікірі мен оның басқа да 
қажеттіліктерін (мысалға қҧрбы-қҧрдастарымен ойнау және қарым-қатынас 
қҧру) ескеру де қажет» [3].
Ерте жастан кірігудің негізгі принципі және нәтижелі мақсаты ретінде 
бала мен оның отбасының ӛмірін қалыпты жағдайға келтіру, кейбірде тҥзету 
мҥлдем мҥмкін емес бҧзылыстарға қарамастан барынша әлеуметтік тҧрғыдан 
кіріктіру. Демек, ерте жаста диагностикалауға баланың дамуына едәуір әсер 
ететін басқа да мынадай факторларды зерттеу жатады: оның мықты жақтары 
мен мҥдделері, отбасы мен қоршаған ортада дамудың әлеуметтік жағдаяты, 
балаға қолдау кӛрсетуде ата-аналардың ресурстары мен мҥмкіндіктері, 
психологиялық және әлеуметтік мәселелер мен кедергілердің болуы, яғни 
баланың басындағы мәселелерді бағалау пәнаралық деңгейде болуы керек.
Қазіргі кезде кӛптеген елдерде баланың психикалық дамуы мен жалпы 
жағдайын бағалаудағы ең мықты жҥйелер әртҥрлі мамандардың бірнеше 
бағытта бір уақытта пәнаралық тҧрғыдан зерттеуіне негізделген [41- 43].
Осындай пәнаралық жіктемелердің бірі ретінде бҧзылыстарды 
диагностикалауға емес, тҥрлі факторлардың (медициналық, психологиялық, 
әлеуметтік, 
экономикалық) 
әсеріне 
байланысты 
жеке 
тҧлғаның 


16 
ӛміртіршілігінің шектеулерін анықтауға бағытталған жҧмыс істеу, тіршілік 
әрекеті мен денсаулық шектеулерінің халықаралық Жіктемесі (ЖХЖ) болып 
табылады [1]. Бҧл әмбебап диагностикалық қҧралды қолдану тек баланың 
мәселелерін анықтауға ғана емес, онымен қоса әлеуметтік оңалтудың мҥмкін 
болатын жолдары мен шараларын анықтауға мҥмкіндік береді. Қазіргі кезде 
ЖХЖ кӛптеген елдердің ерте жастан кірігу тәжірибесінде белсенді тҥрде 
қолданылуда. Оны зерттеу және ерте жастағы балалармен жҧмыс барысында 
қолдану ТП ҦҒПО-ы негізіндегі біздің зерттеу жҧмысымыздың мақсаты 
болып табылады. Осы жіктеменің мазмҧны мен ерте жастағы балалардың 
психологиялық-әлеуметтік тҧрғыдан дамуында қолдану мҥмкіндіктерін 
нақтырақ қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет