Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет117/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қабырғаларының сынғанына қауіптенсеңіз, жарақаттанушының басын шалқайтуға болмайды.
Жауырын астына валик қойыңыз. Осындай қалыпта науқастың тілі жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан ажырайды. Осы әдіспен ауа жолындағы кедергілер жойылып, тыныс алу жолдарының саңылауы кеңейеді.
Осы шаралар өте қажетті, өйткені, науқас арқасында жатқанда және бұлшық ет босаңсығанда тыныс алу жолдарының саңылауы тарылады, ал тілдің түбірі кеңірдекке кіретін тесікті бітейді.
Тыныс алу жолдарының өтімділігіне көз жеткізіп алып, келесі кезең – өкпені жасанды тыныс алдыруға (ӨЖТА)көшіңіз.
Өлікпен жұмыс жасау ережесі
Мақсаты : патологиялық-анатомиялық бөлімшеге өлікті жеткізуге дайындық
Көрсетім : өлім анықталған жағдайда
Жабдықтар : латекстен жасалған қолғаптар, жаялық, (жағын байлауға орамал), сағат
Науқастың биологиялық өлімін дәрігер анықтайды. Ол ауру тарихына өлген күнін, сағатын, минутын көрсетеді. Өлікті патологиялық-анатомиялық бөлімшеге жеткізуге мейірбике дайындайды.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолғапты киіңіз.

  2. Өліктің киімін шешіп, жастықсыз, арқасына жатқызыңыз.

  3. Өліктің көзін жабыңыз.

  4. Астыңғы жағын байлаңыз.

  5. Егер өлікте құнды заттар болса бөлімшедегі емдеу немесе кезекші дәрігерлердің қатысуымен акті жасап, ауру тарихына ол туралы жазыңыз. Өліктің құнды заттарын аға мейірбикеге сақтауға тапсырыңыз, ол қолхат жазу арқылы өліктің туысқандарына қайтарады.

  6. Егер катетер, зондтар, тамызғыштар қойылған болса, алып тастаңыз.

  7. Өліктің санына аты-жөнін және сырқатнаманың нөмерін жазып қойыңыз.

  8. Ақжаймамен жауып, өлікті 2 сағатқа дейін солай қойыңыз (биологиялық өлімнің айқын белгілері пайда болғанша)

  9. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

  10. Шығару қағазын толтырып, аты-жөнін, диагнозын, сырқатнамасының нөмерін, уақытын, күнін көрсетіңіз.

  11. 2 сағат өткеннен кейін өлікті патологиялық-анатомиялық бөлімшеге жеткізіңіз.

  12. Төсек орнын (матрац, жастық, жамылғы көрпе) дез.камераға тапсырыңыз. Кереует, қабырғалар, тумбочкаларды дезинфекциялық ерітіндімен зарарсыздандырып, 1 сағаттай кварцтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет