Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет113/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Биологиялық өлім



  • дене температурасының қоршаған орта температурасына дейін төмендеуі;

  • мәйіт дақтарының пайда болуы - ол тері бетіне шығатын көкшіл дақтар. Мәйітті арқасына жатқызғанда олар жауырын,жамбас тұстарында, ал етбетімен жатқызғанда - бетіне, мойнында, кеуде, іш тұстарында пайда болады;

  • мәйіттің сіресуі. Бұл елімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі.

Ол бет бұлшық еттерінен басталып, дене бұлшық еттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.

Жүрек пен өкпе қызметін қарапайым түрде қалыпқа келтіру
Жүректің тоқтауы мен тыныс алудың жоғарылауы қайтымсыз биологиялық өлім дамығанын көрсетпейді. Ұлпалар мен мүшелер біразға дейін өмір сүреді. Клиникалық өлім дамығаннан кейін белгілі бір уақыты бар (3-6 минут). Сол уақыт ішінде ми және т.б. мүшелердің қызметін қалпына келтіруге және ағзаны тірілтуге мүмкіндігі болады.
Клиникалық өлім кезеңіндегі жүрек пен тыныс алу тоқтаған кезде, ағзаның сөнген және сөнетін қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешенін реанимация тез арада қолданады.
Реанимациялық шаралар кешенін жүрек пен дем алудың толық тоқталуы дамығанға дейін, ертерек бастаған жөн. Бұл жағдайда реанимацияның нәтижелі болуына мүмкіншілік көбірек туады және соңының қолайлы болатынына сенім туады, үміт пайда болады. Емделушіні тірілту кезінде барлық шаралар гипоксиямен күресуге және ағзаның сөнетін қызметін стимуляциялауға бағытталған болуы керек.


Зақымданушыны тексеріп қарау
Мақсаты: өмір сүру мүмкіндігі барын немесе жоғын анықтау
Көрсетім: өмір суруге қабілетіне қауіп төнген жағдайда
Жабдықтар: айна, мақта немесе бинт, түнгі уақытта фонарик (жарқ түсіргіш)
Өмір сүру мүмкіндігінің белгілері:

  1. Жүрек соғысы (қолмен немесе құлақпен тыңдау арқылы сол жақ кеудеде омырау тұсынан)

  1. Артериялардан пульс анықталса, (ұйқы, шат, білезік артерияларында);

  2. Тыныс алуының болуы (кеуденің немесе ішінің қозғалысы арқылы, мұрынына немесе ауызына айна қойған кезде булануы байқалса);

  1. Көз қарашықтарының тарылуы, жарыққа реакциясы бар екендігін білдіреді.

Күндіз болса, науқастың көзін бірнеше уақытқа қолмен жауып тұрып, тез жылдамдықпен қолды алған жағдайда көз қарашықтарының тарылуы байқалады.
Есте сақтаңыз!
Жүрек соғысының, пульстің, тыныс алудың, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы болмауы зақымданушыңы өлгенін растамайды. Бұндай белгілер клиникалық өлім кезінде де болуы мүмкін. Сондықтан да реанимациялық шаралар тек биологиялық өлімнің күмәнсіз белгілері пайда болғанда ғана тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет