Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу. Көрсетім



бет19/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118
Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу.
Көрсетім: Емдеу бөлімшесіне науқасты қанағаттанарлық жағдайда қабылдау.
Жабдықтар: су термометрі, қайшылар, сүлгі, сабын, жөке, таза іш киім мен төсек жайма, клеенкалы алжапқыш, жаялық.
Міндетті шарттары: Шомылғы бөлмесіндегі температура 25°С шамасында болуға тиіс, өтпе желден сақтану және науқасты салқынға тигізбеу үшін есік, терезе және жел көздерін ашуға болмайды, еденде ағаштан жасалған торлар, судың температурасы 35-37°С болуға тиіс.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

  2. Ваннаны жартылай Т- 35-37°С сумен толтырыңыз

  3. Науқас өзін нашар сезінсе (жүрек соғу,ентікпе) ол жайында м/б хабардар етуін сұраңыз.

  4. Науқасты шомылғыға аяғы тіреуішке тірелетіндей етіп отырғызыңыз.

  5. Науқастың өзі жуынуына шамасы келмесе көмектесіңіз.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Алжапқыш киіңіз.

  2. Науқасты жеке жөке мен сабынды пайдаланып: басын, дене-тұлғасын, қолдарын, аяқтарын, бұтаралығы мен шаптарын жуындырыңыз.

  3. Науқасқа ваннадан шығуға көмектесіңіз

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Науқастың иығына сүлгі жауып, ваннадан шығуға көмектесіңіз.

  2. Науқастың денесін сол ізділікпен құрғатыңыз.

  3. Науқастың қолтық қыртыстары терісінің әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.

  4. Науқастың қол-аяқтарының тырнағын алыңыз.

  5. Науқастың шашын тарауға,киім і мен аяқ киімдерін киюіне көмектесіңіз.

  6. Науқасқа аурухана таза киімін кигізіңіз.

  7. Қолданылған күтім заттары мен ваннаны зарарсыздандырыңыз.



Назар аударыңыз! Шомылғы қабылдау ұзақтығы - 25 минут.


Науқасты сүртіндіру (жартылай санитарлақ өңдеу)
Мақсаты: Аурухананың қабылдау бөлімшесінде науқасты санитарлық өңдеуден өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет