Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Науқасты каталкамен тасымалдау



бет15/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Науқасты каталкамен тасымалдау
Мақсаты: Өздігінен жүре алмайтын науқастарды тасымалдау.
Көрсетім: тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, науқастың жағдайы.
Жабдықтар: каталка. Үшеулеп орындау қолайлы.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз – каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.

  2. Үшеуі де науқастың бір жағында тұрады:

-біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;
- екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;
-үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан;

  1. Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз.

  2. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.

  3. Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.

  4. Науқасты, оның медициналық картасын емдеу бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз.

  5. Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз.

Назар аударыңыз! Науқас каталкада өзіне ыңғайлы қалыпта жатуы керек (ауруына немесе жарақатына байланысты).
Есте сақтаңыз! Басқышпен төмен қарай науқасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сәл көтереді,басқышпен жоғары қарай, науқастың басын алдында зембілді бір деңгейде ұстайды.


Науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетім: науқас ауруханаға түскенде дене салмағы тапшылығын, семіздікті, жасырын ісіктерді анықтау, науқастың салмақ динамикасын, емдеу үрдісінде ісіктерді қадағалау.
Қарсы көрсетім: науқас жағдайының ауыр болуы.
Жабдықтар: медициналық таразы; зарарсыздандырылған клеенка 30x30 см таразы үстіне, дез.ерітінді бар сыйымдылық, қолғаптар.
Міндетті шарттары:
-дене салмағын өлшеу аш қарынға күнде бір уақытта жүргізіледі;
-қуықты және ішекті босатқаннан кейін;
-киімі жеңіл (іш киімде) болу керек
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Сырқатқа өткізілетін емшара жайында оның мақсаты мен дайындалу шарты туралы түсіндіріңіз.

  2. Таразының кілтін ашыңыз.

  3. Таразы иінағашының көрсеткішін бақылау деңгейіне нольге сәйкес келгенше таразыны реттеңіз.

  4. Кілтін салыңыз.

  5. Таразы кеңістігіне зарарсыздандырылған клеенканы төсеңіз

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ: Науқасты ортасына тұрғызыңыз.



  1. Мәліметтерді (көрсеткіштерді) қараңыз, қызуын тіркеу парағына жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет